«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қаңтар 15, 2024

Пайдалы балдыр

Көктем келсе Петро­павл­­ды басатын жағымсыз иіс бұ­дан былай жұрттың мазасын ал­майды. Үш жылға жоспар­лан­ған жоба сәтті аяқталды. Биото­ған хлорелла балдыры­мен та­зар­тылып, күкіртсутек ен­ді күн жылынса ауаға тара­майды. Ғы­лыми-технологиялық су орталы­ғы директоры Александр Рей­бандт жобаның ерекшелігі жайында айтып, жоспарларымен бөлісті. Биотоған сарқынды су жи­нағышы соңғы жылдары эко­ло­гиялық мәселеге айналып, же­дел шешімді қажет етті. “Қы­зыл­жар су” жауапкершілігі …

Пайдалы балдыр Read More »

Ескірген электр желілері жаңартуды қажет етеді

Өңір басшысы Ғауез Нұр­мұхамбетов “ОАЭК” компа­ниялар тобының акционері Сер­гей Канмен кездесіп, жы­лыту маусымының барысын, “СевКазЭнерго” АҚ-ның 2024 жылға арналған жөндеу және инвестициялық бағдарлама­сы­ның жоспарын талқылады. Облыстың 15 елді меке­ніндегі 90-ға жуық нысанға электр энергиясын үздіксіз бе­руді қамтамасыз ету үшін же­лілерді жаңғырту және тозу көрсеткішін азайтудың бір­лескен бағдар­ламасы әзірле­нуде. Бұдан бө­лек, жаңа мұр­жа салу кес­тесі бекітілген. …

Ескірген электр желілері жаңартуды қажет етеді Read More »

Орындалмаған уәде

Биыл кеңес әскерлерінің Ау­ғанстан жерінен шығарыл­ғаны­на 35 жыл толады. Жат жерде со­ғысып, кеудесін оққа тосқан бір жарым мыңнан астам сол­түс­тікқазақстандық интерна­цио­налдық борышын өтесе, 46-сы елге оралмаған, 687 жауын­гер түрлі аурудан қайтыс болған. Өкінішке қарай, олардың отба­сылары әкелеріне тиесілі пә­терлерге әлі күнге дейін қол жет­кізе алмай жүр. Бұл туралы “Ау­ғанстан және жергілікті соғыс ардагерлері одағы” қоғамдық …

Орындалмаған уәде Read More »

Қысқы біріншілік жеңімпазы

Талдықорғанда волейболдан қыздар арасында қысқы ел біріншілігі өтті. Жарысқа 2009-2010 жылдары туған бой­жеткендер қатысты. Чемпионатта өңір намысын “Қуа­ныш” командасы қорғады. Биылғы қысқы чемпионатқа 19 команда қатысты. Жерлес­те­­ріміз 7 ойын өткізіп, барлы­ғын­да да жеңіске жетті. Жарты­лай фи­налда “Қуа­ныш” тал­дықорғандық “Жетісу” клу­бын 3:2 есебімен ұтып, ақ­тық сынға жолдама алды. Фи­налда сол­түс­тікқазақстан­дық ұжым өске­мендік “Алтай” ко­манда­сы­на қарсылас атан­ды. …

Қысқы біріншілік жеңімпазы Read More »

“Құлагер” бабында

Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында “Құлагер” клубы павлодарлық “Ертіспен” ойнады. Кездесу жерлестеріміздің жеңісімен аяқталды. Матч басталысымен жер­лестеріміз қарсылас қақпасына екі бірдей шайба дарытты. Эдуард Михайлов дубль авторы атанды. Ойынның екінші бөлі­мін­де “Ертіс” хоккейшілері есеп айырмасын қысқартты. Нәти­же­лі соққының авторы – Максим Кар­пов. Көп ұзамай “Құлагер” ойыншысы Филипп Святына есепті еселеді. Үшінші кезеңде қос клуб та …

“Құлагер” бабында Read More »

Қиялға қанат бітірген

Оқушылар сарайында технология сурет мұғалімдеріне, сонымен қатар сәндік-қолданбалы шығар­машылық пен бейнелеу өнері ұжымдарына жетекшілік ете­тін қосымша білім беру педагогтарына арналған облыстық оқу семинары өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын жиын­ға өңір аудандарынан жиырмаға жуық маман қатысты. Шара сурет салудың бастап­қы кезеңдеріндегі жұмыс техно­ло­гиясы туралы шеберлік саға­ты­нан басталды. Қосымша білім беретін ұстаздар мұнда түрлі композиция жасауды және за­манауи …

Қиялға қанат бітірген Read More »

Көрер жарығы бар екен

Петропавлда өрт сөндіру­шілер әйелді ажалдан аман алып қалды. Облыстық төтенше жағдайлар департа­менті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы ха­бар түнгі уақытта түскен. – Түнгі сағат 02:05-те 2 қа­батты тұрғын үйдегі пәтерле­рдің бірінен өрт шыққаны туралы хабар түсті. 4 минуттан кейін оқиға орнына жеткен өртсөндірушілер бірінші қа­баттағы пәтерге кіргенде қою түтінге тұншығып, диванда жат­қан әйелді табады. Кіші …

Көрер жарығы бар екен Read More »

Білімпаз оқушылар

Алматы қаласында О.Жәутіков атындағы халық­аралық олимпимпиада өтті. Білім бәйгесі осымен 20-шы рет ұйымдастыры­лып отыр. Додаға қатысқан жер­лестеріміз екі жүлделі орынға ие болды. Білім сайысына солтүстік­қазақстандық оқушылардан құралған команда қатысты. Өңір на­мысын қорғаған “Бірінші қалалық жал­пы білім беретін IT-лицей КММ-ның 11-сынып оқушылары екі жүлделі орын­ды қан­жығаларына байлады. Математи­ка пәнінен қатысқан Да­ниил Аксе­нов күміс медальді енші­леді. Ал …

Білімпаз оқушылар Read More »

ЖАЙЛЫ МЕКЕН, ЖЫЛЫ ҚОНЫС

Мемлекет ауыл шаруашы­лы­ғын қарқынды дамытуға бар­лық қажетті жағдайды жасап отыр. Оның нақты мысалына эко­номикалық, әлеуметтік бағыт­тар бойынша қабылданып, жү­зе­ге асырылып жатқан ауқымды бағдарламаларды айтуға бола­ды. Соңғы кездері ауыл-аймақ­тарды кешенді түрде өркенде­туге ерекше басымдық беріліп отыр. Мұны ұлттық құндылық­тар­дың елді мекендерден бас­тау алатынын, сарқылмас руха­ни қайнар бұлағымыз іспеттес мәдениетіміз, салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз қаймағы бұзыл­мастан кіндік кескен өлкемізде …

ЖАЙЛЫ МЕКЕН, ЖЫЛЫ ҚОНЫС Read More »

Декларацияны кімдер тапсырады?

Облыстық мемлекеттік кіріс­тер департаменті жалпыға бір­дей декларациялау туралы ха­барлайды. Үшінші кезең шеңберінде 2024 жылы активтер мен міндет­теме­лер туралы декларацияны 1 қаң­тардан бастап заңды тұлға­лар­дың басшылары мен құрыл­тай­шылары (қатысушылары), да­ра кәсіпкерлер, сондай-ақ олар­дың жұбайлары тапсыруы тиіс. Бұл талап әрекетсіз және қызме­тін тоқтатқандарға да қолданы­лады. Азаматтық кодекстің норма­ла­ры­на сәйкес, филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлғалар болып табылмайтындықтан, 2024 …

Декларацияны кімдер тапсырады? Read More »

ЖЫР-ҚАЛАМЫ МҰҚАЛМАҒАН

Биыл Қызылжардың мақтаныштары Игібай Әлібаев, Молдахмет Тырбиев, Мұса Асайынов, Темірғали Қасенов, Ахметжан Нұртазин, Біржан Берденов сынды ардақты тұлғалармен есімі қатар аталатын халық ақыны Уахит Темірбековтің туғанына 120 жыл толады. Уахит Әбжанұлы 1904 жылы Петропавл округіне қарасты №12 Қуандық ауылында туған, бұл жерді жергілікті жұртшылық “Бөрілі” деп атап кеткен. Қазіргі Шал ақын ауданындағы Сухорабовка ауылдық округіне …

ЖЫР-ҚАЛАМЫ МҰҚАЛМАҒАН Read More »