«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Адал қоғам

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстанда “Заң үстемдігі” жо­басы іске қосылды. Бұл жобаның мақ­саты – заң бұзушылықтардың алдын алу және қазақстандық­тар­дың құқықтық сауаттылығын артты­ру. Әсіресе сыбайлас жемқорлық­тың алдын алып, таза, әділ қоғам құру көзделген. Аталған міндеттер­ді іске асыруға “Әділдік жолы” рес­публикалық қоғамдық бірлестігі бі­лек сыбана кірісті.

– Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен “Адал азамат” тұжырым­дамасын жү­зеге асыруда, қоғамда­ғы заң мен құ­қықтық тәртіп үстемді­гін қалыптас­ты­рудағы нақты қадам­дар­дың бірі болмақ. “Заң үстемдігі” жобасына кез келген ел азаматы қатыса алады.

Әрбір тұрғын сыбай­лас жем­қорлық фактілері немесе басқа да мәселелер бойынша 1463 Call-орталығына не Adildik.kz сай­ты арқылы хабарласып, өз сауалдары бойынша құқықтық кеңес пен көмек ала алады. Бұның барлығы тегін, – деді “Әділдік жолы” қоғамдық бір­лестігі облыстық филиалының жетекшісі Айнагүл Нұрахме­това.

“Әділдік жолы” бірлестігі екі жылдан бері белсенді жұмыс іс­теп жатыр. Осы уақыт ішінде ар­найы байланыс орталығына ха­барласқан 8 мыңғы жуық те­ріс­кейлік азаматтың өтініші қа­рал­ған. Нәтижесінде 1206 адам түр­лі заң бұзушылықтар үшін әкім­шілік жауапкершілікке тар­ты­лып, 800 млн. теңгеден астам қаражат бюджетке қайта­рылған.

– Ал ел бойынша мемлекет­тік сатып алу саласын бақылау аясында 15,1 млрд. теңгеге ба­ғаны көтеру және заңнаманы бұ­зу бойынша 1000-ға жуық факті анықталды. Осы және өзге де фактілер бойынша 300-ден ас­там мемлекеттік орган басшы­сына немесе өзге де қызметкер­лерге жалпы сомасы 264 мил­лион тең­ге айыппұл салынды. Заңды тұл­ғаларды қоса ал­ған­да, 626 адам тәртіптік жа­уап­кершілікке тар­тылып, ұйға­рым шығарыл­ды. Құ­қықтық кеңес беру және сыбай­лас жемқорлық факті­лерін анық­тау мақсатында 900-ден астам ауылда кездесу өткізілді, – де­ді “Әділдік жолы” қоғамдық бірлестігі облыстық филиа­лы­ның жетекшісі Ай­нагүл Нұрах­метова.

Жалпы қоғамдық бірлес­тікке құрылыс саласындағы жем­қорлық жайлы жиі шағым түседі екен.

Ақжүніс МҰҚАТАЙ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp