«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПАЙДАЛЫ ДӘРІС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері облыстық олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат колледжінің жоғары сынып оқушыларымен кездесті. “Мен – азаматпын!”, “Мен – патриотпын!” тақырыптары аясында өткен ашық сұхбат барысында қолданыстағы заңдарды сақтаудың маңыздылығы сөз болды.

Оқушылар тарапынан адамның қадір-қасиетін қорлау фактілеріне қатысты сауалдар қойылды, кез келген кемсітушілік қылмыстық жаза болып табылатыны түсіндірілді. Сонымен қатар тұрмыстық қарым-қатынаста, әлеуметтік желілерде жиі кездесетін жағымсыз жағдайлар да әңгіме өзегіне айналды.

“Адам бойында патриоттық сезім жастайынан қалыптасады. Бұл орайда, тәлім-тәрбиенің мәні айрықша. Отбасы, туған-туыстар мен достардың ыстық ілтипатына бөленген бала терең сүйіспеншілікті сезініп өседі. Әлеуметтік жағдайы мен этникалық тегіне қарамастан адамзатқа ортақ құндылықтарды жанына жақын тұтады”,– дейді “Қоғамдық келісім” КММ басшысының міндетін атқарушы Болат Базарбаев.

Павел ПРИТОЛЮК,

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жанындағы журналистер клубының мүшесі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp