«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қаңтар 17, 2024

Алимент – қарыз емес, парыз

Өңір прокурорлары алимент төлеуден жалтарып жүргендердің басын қосып, кездесу өткізді. Жиынға мемлекеттік және жеке сот орындаушылары, сондай-ақ, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері де шақырылды. Өңірде алимент бойынша қарыз 192,6 млн. теңгеге жеткен, оның 46,2 млн. теңгесі қасақана борышын төлеуден қашқан 135 адамға тиесілі. Кездесуде борышкерлерге қарыздан құтылу тәртібі, жұмысқа, оның ішінде …

Алимент – қарыз емес, парыз Read More »

ЖАТ АҒЫМНАН САҚТАНДЫРДЫ

Петропавлда деструктивті діни идеологияның алдын алуға арналған арнайы іс-шара өтті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша осы тақырыпта облыста 30311 адамды қамтитын 2427 кездесу өткізілген. Соңғы кездері қоғам арасында қандай да бір діни ағымның тереңіне бойламай, асығыстыққа салынып, адасып жататындардың саны көбеюде. Олардың көбі – оң-солын дұрыс тани қоймайтын жастар. – Біз мәселенің себебімен емес салдарымен күресуге …

ЖАТ АҒЫМНАН САҚТАНДЫРДЫ Read More »

ТҮРКИЯДАҒЫ ЖАТТЫҒУ

“Қызылжар” футбол клубы жаңа маусымға дайындықты бастап кетті. Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында жерлестеріміз 6 жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. “Қызылжар” клубының оқу-жаттығу жиыны 2 кезеңнен тұрмақ. Алғашқысын жерлестеріміз Түркияның Белек қаласында өткізеді. Жаңа маусымға дайындық аясында солтүстікқазақстандық аяқдопшылар алғашқы жолдастық ойында өзбекстандық “Навбахор” командасымен кездесті. Бұл матчта жерлестеріміз қарсыластарынан 2:1 есебімен басым түсті. Екінші ойынды …

ТҮРКИЯДАҒЫ ЖАТТЫҒУ Read More »

ПАЙДАЛЫ ДӘРІС

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері облыстық олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат колледжінің жоғары сынып оқушыларымен кездесті. “Мен – азаматпын!”, “Мен – патриотпын!” тақырыптары аясында өткен ашық сұхбат барысында қолданыстағы заңдарды сақтаудың маңыздылығы сөз болды. Оқушылар тарапынан адамның қадір-қасиетін қорлау фактілеріне қатысты сауалдар қойылды, кез келген кемсітушілік қылмыстық жаза болып табылатыны түсіндірілді. Сонымен қатар тұрмыстық …

ПАЙДАЛЫ ДӘРІС Read More »

Бір адамның өмірін қиды

Петропавлдағы төрт пәтерлі жеке тұрғын үйдің бірінен өрт шықты. Төтенше жағдай орнынан 1960 жылы туған азаматтың денесі табылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қызыл жалын жайлы хабар “101” нөміріне сағат 08:12-де келіп түскен. Оқыс оқиға Мағжан Жұмабаев, 19 мекенжайында орналасқан жеке тұрғын үйде орын алды. – Өртенген үйден 7 тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды, …

Бір адамның өмірін қиды Read More »

Жанжалқойларға – жаза қатал

Облыс полицейлері отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алу мақсатында “Amanat” партиясы өкілдерімен бірлесіп кезекті рейдке шықты. Шара барысында бірнеше жанжалқой жауапкершілікке тартылды. Отбасында тіркелетін зорлық-зомбылыққа қатысты фактілердің дені ішімдік ішу салдарынан орын алып жатады. Оның аяғы қылмысқа әкеліп соқтыруы мүмкін. Рейд кезінде тәртіп сақшылары 38 жастағы Петропавл қаласы тұрғынының үйіне барды. Баспана иесі ішімдік ішпейтініне …

Жанжалқойларға – жаза қатал Read More »

Ескерткіш (Новелла)

Кенқазған қаласы. Күздің сол­ғын тартқан соңғы күндері бола­тын. Елеусіз көп қабатты жалда­малы үйде бір отбасы әдеттегі та­ңын ойнап-күліп қарсы алды. Ша­ңырақ көтергелі бері бұл үйдің жал­ғыз нантабары – Нұрбол. Оның да күннің бетін көрмей жүздеген метр тереңдікте шаң жұтып шахтада жүргеніне үш жылдан асты. Жұ­мысқа асыққа­ны сонша, таңғы асын да апыл-ғұпыл ішіп жатыр. Жары Диана­ның: …

Ескерткіш (Новелла) Read More »

Тың идеяға – мол қаржы

Жас кәсіпкерлерге жеңілтетілген несие беру ісі биыл да жалғасын таппақ. 2024 жылы 6 мың жастың бизнес идеясын қаржыландыру көзделіп отыр. Ел Президентінің тапсырмасына сай жас кәсіпкерлерді қолдау және жұмыссыздықпен күресу үшін жыл басынан жастарға несие беру жалғасты. Несие беру “Аграрлық несие корпора­ция­сы” ірі қалалар мен өңір­лердегі филиалдары арқылы жүзеге асады. Оның талапта­ры­на келсек, өтініш берушінің …

Тың идеяға – мол қаржы Read More »

ҚАЗАҚТЫҢ АСЫЛ ҚАЗЫНАСЫ

Күй өнері – қазақтың асыл қазынасы. Халқымыз бұл аспапты көне заманнан бері қас­тер­леп, үйінің төрінен түсірмей келеді. Қазақ күйге тек өнер ретінде қарамаған. Күй – бүкіл тари­хымыз, болмысымыз сыйып тұрған бөлек тіл сияқты. Бабаларымыз өзде­рінің ішкі мұң-сырын да, қуанышын да күймен жеткізген. Дәулеткерей, Құрманғазы, Тәттімбет, Сүгірлер­ден жеткен туындылар осы күні көгімізде шалқып, көңілімізді те­бірентіп келеді. …

ҚАЗАҚТЫҢ АСЫЛ ҚАЗЫНАСЫ Read More »

Жасына жетпей жүйкелері тозған

Бүгінгі күн адамзаттың жаңа тарихындағы ең бейбіт кезеңдердің бірі саналады. Жиырмасыншы ғасырдағы не­бір дүрбелең мен ұрыстардан, адам сенгісіз өзгерістерден өткен адамзат 21 ғасырға табан тіреп, тыныш өмірдің бәйтерегін саялап тұрғандай. Соңғы бірнеше онжыл­дық­та дүниежүзіндегі көңіл күймен бірге адамдардың өмір сал­ты да өзгерді. Ескінің көбі келмеске кетіп, адамдардың мойнына жаңа міндеттер жүктелді. Жер шарының қазіргі тұрғын­да­ры …

Жасына жетпей жүйкелері тозған Read More »

“АУЫЛ АМАНАТЫ” – БЕРЕКЕЛІ БАҒДАРЛАМА

Мемлекет басшысы “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің зор әлеуетін толық пайдаланбай отырғанымызды айтты. Осы салада нақты серпіліс жасау қажеттігін, импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік беретін, жергілікті өнім үлесі жоғары өндіріс кешенін құру іргелі міндет екенін жеткізген болатын. Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдаудың маңыздылығына тоқталған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: “Осы орайда “Ауыл аманаты” бағ­дарламасы­ның …

“АУЫЛ АМАНАТЫ” – БЕРЕКЕЛІ БАҒДАРЛАМА Read More »

ҚҰМАР ОЙЫННЫҢ ҚҰРБАНДАРЫ

Қоғамда жеңіл жолмен пайда табу үшін бәс тігіп, құмар ойын ойнайтын жастар саны жылдан-жылға артып келеді. Бұған дейін беймәлім лудомания термині соңғы кезде жиі айтылып жүр. Әлеуметтік мәселеге айналған ойынқұмарлық бүгінде таралуы жағынан нашақорлық пен маскүнемдікті жолда қалдырып отыр. Ойын бизнесі кәсіпкерліктің қызмет көрсету саласының артына мұқият жасырынған. Кейінгі он жылдың ішінде елімізде одан түскен …

ҚҰМАР ОЙЫННЫҢ ҚҰРБАНДАРЫ Read More »

Алаяқтардың басты құралы

“WhatsApp” – күн сайын миллиондаған адам ақпарат алмасу және бөлісу үшін пайдаланатын ең танымал мессенджер. Бұл мессенджердің халық арасындағы танымалдығы алаяқтардың назарынан тыс қалған жоқ. Әлемдік компаниялардың ІТ-қауіпсіздік қызметі қаншалықты белсенді жұмыс істесе де, алаяқтар әлі де адамдардың “WhatsApp”-тағы есептік жазбасын бұзудың және оны қадағалап отырудың жолдарын табуда. Мессенджер әзірлеушілері пайдаланушылардың деректерін шифрлау жүйесін жетілдіру …

Алаяқтардың басты құралы Read More »

Арзан интернет

Цифрлық даму министрі интернет жылдамдығы бойынша Токионы басып оздық дегенде бәрі таңғалған еді. Себебі бізде интернетке қол жеткізе алмай отырған қаншама елді мекен бар. Тіпті қалалық жерлердің өзінде интернет дұрыс ұстамайды. Дегенмен мәселені шешуге қадамдар жасалып жатқанын жоққа шығармаймыз. Тек көптің қалауы – интернеттің игілігін ертерек көру. “Тариф жыл сайын қымбаттаса да, сапасы жақсармайды”, – …

Арзан интернет Read More »