«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жанжалқойларға – жаза қатал

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс полицейлері отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алу мақсатында “Amanat” партиясы өкілдерімен бірлесіп кезекті рейдке шықты. Шара барысында бірнеше жанжалқой жауапкершілікке тартылды.

Отбасында тіркелетін зорлық-зомбылыққа қатысты фактілердің дені ішімдік ішу салдарынан орын алып жатады. Оның аяғы қылмысқа әкеліп соқтыруы мүмкін. Рейд кезінде тәртіп сақшылары 38 жастағы Петропавл қаласы тұрғынының үйіне барды. Баспана иесі ішімдік ішпейтініне сендіргісі келген, алайда шараптың иісі тәртіп сақшыларының күдігін туғызған. Жүргізілген медициналық куәландыру оның мас екенін көрсетті.

– Жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күнінде облыста ерекше талаптардың бұзылуының 11 фактісі анықталды. Полиция қызметкерлері 55 адамды алкогольдік ішімдік ішкені немесе қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін жауапкершілікке тартты, – дейді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp