«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Екіжақты меморандумға қол қойылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италияға рес­ми сапары барысында бизнес өкілдерінің қа­ты­суымен “дөңгелек үстел” оты­рысы өтті. Кездесуде “PROSOL BIOTECH Kazakhstan” ЖШС компаниясының құрылтайшы­сы Даниэль Бонвицини Петро­павл қаласында орналасқан “Qyzyljar” арнайы экономика­лық аймағында жемшөп ашытқысын өндіру жобасы іске асы­рылатынын жеткізді.

Кездесу аясында “Qyzyljar” АЭА басшылығы мен “PROSOL BIOTECH Kazakhstan” ЖШС ком­паниясы арасында екіжақты меморандумға қол қойылды.

АЭА басшысы Дархан Амрин­нің айтуына қарағанда, 2023 жылдың қараша айынан бастап компания “Qyzyljar” АЭА-ның резиденті болып табыла­ды. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттамалар әзірле­нуде. Зауыт құрылысын 2025 жылы аяқтау белгіленген. Ин­вестиция мөлшері 2 млрд. тең­­геге жуық, кәсіпорынның жыл­дық қуаттылығы – 3000 тонна.

Жемшөп ашытқысы өсімдік және өсімдік емес шикізат субстраттарына негізделген ар­найы биомассадан құралады. Ол ауыл шаруашылығы саласында малдарға жемазық ре­тінде кеңінен қолданылатын бо­лады.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp