«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жұмыртқаға сұраныс жоғары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста жұмыртқа өндірумен айналысатын 6 құс фаб­ри­касы бар. Былтыр кәсіпорындар толық қуатының тек 74 пайы­зы деңгейінде ғана өнім өндірді.

Облыстық ауыл шаруашылы­ғы және жер қатынастары басқар­масы баспасөз қызметінің мәліме­тін­ше, өңір тұрғындары орта есеп­пен жылына 150 млн. жұ­мыртқа тұтынады. Облыстың құс фабрикалары қажеттілікті толық жаба алады. Мәселен 2022 жылы 705,7 млн., соның ішінде құс фабрикалары 530,7 млн. жұмыртқа өндірген. 2023 жылы 680 млн. данасы саудаға шығарыл­са, 504,9 млн. жұмыртқа – құс фаб­ри­каларының өнімі.

Күз-қыс мерзімінде үйдегі тауық жұмыртқа­ла­майды, бұл – саудаға шығары­латын бағаға әсер етеді. Қазіргі уа­қытта құс фабрикалары 1 санатты жұмыртқаның он данасын 520 теңгеден сатып жатыр. Өнім бағасына жем­азық, дәрі-дәрмек, электр қуаты, су, қондырғы аммортизациясы, ең­бекақы мөлшері де әсер етеді.

Өңір құс фабрикалары артыл­ған өнімді Ауғанстан мен Қырғыз­станға экспорттайды. Былтыр кә­сіп­керлер шетелге 23 млн. жұ­мыртқа жөнелткен.

Әлеуметтік-маңызы бар азық-түлік тауарларының қатарына жұ­мырт­қа да кіреді. Сон­дықтан оған күнделікті мониторинг жүргізіледі.

Ұлттық статистика бюросы об­лыс бойынша департаментінің мә­ліметінше, қазіргі уақытта жұмырт­қаның бірінші санатының ондығы өңірде орта есеппен 479 теңге тұ­рады.

Жұмыртқа бағасын тұрақтан­дыру мақсатында 2022 жылы “Сол­түстік” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” акционерлік қоға­мы “Якорьская ПТФ” жауапкер­шілігі шектеулі серіктестігіне қа­рыз берді. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ха­барлауынша, келісім нәтижесінде қазір құс фабрикасы бөлшек сау­да желісіне жұмыртқа бе­кітілген баға – 380 теңгеден (ай сайын 900 мың дана) береді. Ол сауда орындарында 400 теңгеден сатылады. Мұндай арзандатыл­ған жұмыртқаны “Magnum Cash&Carry”, “Северный”, “Се­мейный”, “Аймер” сауда желілері­нен және “Солтүстік” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының ар­найы сауда орындарынан алуға бо­лады.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp