«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоныс аударушыларды қолдау

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облысымызға соңғы сегіз жыл­да 14 мыңнан астам адам қо­ныс аударған. Алайда көшіп кел­гендердің мыңнан астамы жаңа мекенге үйренісе алмай кері қайтқан.

Солтүстік Қазақстан облысы – тұрғындар саны аз өңір. Ста­тистикаға сүйенсек, 2023 жыл­дың 1 желтоқсанында халық саны 530,7 адам болған. Әр бе­сінші тұрғын – зейнеткер. Бұл мә­селені шешудің бір жолы – ішкі көші-қон, халқы тығыз орналас­қан өңір тұрғындарын солтүстік­ке көшіру. Биыл осы мақсатқа рес­публикалық қазынадан 3,3 млрд. теңге бөлініп отыр. Қоныс­тандыру шаралары “Қуатты өңірлер – ел дамуының драй­вері” ұлттық жобасы аясында жүзеге асады.

– 2023 жылы өңірге 2460 адам қоныс аударды. 265 қан­дас басқа мемлекеттерден кө­шіп келді. Оларға 1 млрд. 200 млн. теңгеден астам қаражат бө­лінді. Биыл жұмыс күші басым өңірлерден 2 702 адамды және 207 қандасты қарсы алуға дайын­быз. Оларды 176 елді ме­кенге орналастырамыз, – дейді облыстық еңбек мобильдігі ор­та­лығының директоры Аман Тө­регелдин.

“Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері” жобасы аясын­да қоныс аударушыларға техни­калық және кәсіптік білім беру, жұмысқа ор­наласуға және кәсіпкерлікті да­мытуға жәрдемдесу сынды кө­мек түрлері қарастырылған. Ал материалдық кө­мек бір рет, отбасының әрбір мү­ше­сі­не 70 АЕК мөлшерінде бе­рі­леді.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp