«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІРЛІК — БІРІКТІРУШІ КҮШ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев баға жетпес құн­дылықтар туралы үнемі айтып ке­ле­ді. Қазақстан халқы Ассам­блея­сының “Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму” атты ХХХІІ сессиясында сөйлеген сө­зінде “ Әрбір азамат бірлікті ны­ғайту үшін қызмет етуі керек. Өйт­кені, бірлік болса ғана тірлік бо­ла­ды. Татулық пен келісімнің ерек­ше маңызды екенін жұрттың бәрі бірдей сезінбеуі мүмкін. Сол себепті кейде “Ассамблеяның қа­жеті жоқ” деген ұшқары, яғни, кү­мән­ді пікірлер айтылып жатады. Шын мәнінде, Ассамблея – мем­лекеттілігіміздің іргесін бекітіп тұр­ған басты институт”, – деген жо­ғары баға берді.

Иә, ортақ достығымызды ны­ғайту рөлі ұшан-теңіз бірегей құ­рылымның қасиетті қазақ жерін мекен еткен барша этносты ұйыс­­тырудағы мақсаты айқын. Пре­зидент жыл басында­ғы сұх­батында еш­кімді бейжай қал­дыр­майтын осы­нау маңызды мә­селеге тағы да айрықша назар ау­да­рып, халқымыздың қуатын арт­тырып, табысқа жетелейтін қа­сиеттерді дәріптеп, ұрпақ са­на­сына сіңіру арқылы сапалы ұлтқа айналу талабын қойды. Дү­ние­танымға жат мәдениеттер­ге көз­сіз елік­теу­ден, жалған пат­рио­тизм­­нен, даңғойлық пен да­ра­қылықтан, ұлттық идеология­ның даму жо­лында жалғандыққа жол беруден сақтануға шақыр­ды.

Қызылжар көпэтносты өңір бо­лып табылатындықтан, этнос­аралық келісім, тұрақтылық аса маңызды. Қазақстан халқы об­лыс­тық ассамблеясы мемле­кет тарапынан кешенді түрде жүр­гізіліп келе жатқан толерант­тылық және көпмәдениеттілік сая­сатын қолдай отырып, қызме­тінде өзара іс-қимылды әртүрлі эт­никалық топтардың өзара құр­мет пен сыйластықта өмір сүру дағдысымен үйлестіруге, бұл бағытта қалыптасқан оң тәжіри­белерді кеңінен насихаттауға ба­сымдық береді.

Біз үшін “Отан отбасы­нан басталады”, – деген киелі ұғым­ның орны бөлек. Жақсы бас­тамалар мен озық жобаларды ақпараттық және ұйым­дас­тыру жағынан қолдай оты­рып, мемле­кеттік саясаттың жан-жақты әрі инклюзивті бо­луын қамтамасыз ететін кешенді шаралардың са­па­лық жағына баса мән береміз. Былтыр этно­мәдени орталық­тар­дың белсен­ді іс-қимылының арқасында “Біз әртүрліміз – біз теңбіз” қағидаты саяси жаңғыру­дың басты ұста­ны­мына айнал­ды. 28 бірлестік қоғамдық аккре­диттеуден өтсе, олардың қатары тәжік және қыр­ғыз ағайындар­дың ұйымдары­мен толықты. Олар­ға – 2,1 мың адам мүше, бұл – үлкен күш. Бұ­дан бөлек, ау­дандарда 180 эт­ноорталық, 219 үйірме мен шы­ғар­машылық клуб жұмыс істейді. Бәрінің жұмыла кі­рісуімен 368 іс-шара өткізіліп, 12,5 мыңнан ас­там адам қатыс­ты.

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі құрау­шы үш басымдығын айқындап бер­гені белгілі. Біріншісі – саяси реформаларды жүзеге асыру ісіндегі ҚХА-ның рөлін күшейту. ҚХА-ның Мәжілістегі квотасының жойылуы, осы ретте Ассамблея­дан ұсынылған сенаторлардың Қа­зақстандағы этностық топтар­дың барлық мүддесін тиімді қа­растыруы, былайша айтқанда, мұндай модель парламенттік жүйенің халықаралық тәжірибе­сіне сай келеді. Партиялық тізім, сондай-ақ, бір мандатты округ­тер бойынша үміткерлерді сай­лау этностық алуандықтың шы­найы қалыбын көрсетті. Екінші ба­сым­дық – ақпараттық жұмыс­тарды және ҚХА-ның қоғамдағы әлеуе­тін күшейту. Бұл орайда ұлттық мүдде мен қазақстандық патрио­тизм қағидаттарын бас­шылыққа алудың мәні айрықша. Үшінші ба­сымдық – құқық қорғау қызметін жандандыру. Осы ба­ғытта Ас­сам­блея сотқа жүгінбей-ақ, ме­диацияға негізделген кәсі­би ке­ліссөз жүргізушілердің бі­регей институтын қалыптастыр­ды де­се де болады. Мұның өзі көп эт­носты елімізде медиация­лық дау­ларды шешуге және әлеу­меттік шиеленісті төменде­туге үлкен септігін тигізіп отыр. Республика­мызға танымал Гүл­майдан Ураз­баева, Әлия Құр­таева, Лола Шә­кімова сияқты спи­керлердің қа­ты­суымен “Эт­но­медиацияны қа­лай түсіне­міз?”, “Этносаяси ме­недж­мент не­гіздері”, “Этносара­лық қақты­ғыстарды реттеудің медиативтік тәсілі”, тағы басқа тақырыптар бойынша семинар­лар, “дөңгелек үстелдер”, вик­ториналар ұйым­дастырылды. 48 адам арнайы курстарда білім­дерін жетілдірді.

Жасыратыны жоқ, қоғамда зорлық-зомбылық пен қатыгездік жастар арасында белең алып барады. Осыған орай Президент тұрмыстық зорлық-зомбылық жа­сағандарға әкімшілік және қыл­мыстық жауапкершілікті кү­шей­туге, оған қарсы күрестің жаңа әрі тиімді шараларын қарасты­ра­тын заң жобасын әзірлеуге тап­сырма берді. Мұндай іске қатыс­ты тараптарға екінші рет тату­ла­су мүмкіндігінің берілмейтіні өте құптарлық. Біз күштік құрылым­дар­мен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың шынайы өмірдегі кез келген түрін қатаң айыптап, ел болып тосқауыл қоюдың жол­да­рын қарастырып отырамыз. Екітараптық меморандум аясын­да облыстық полиция департа­ментінің жеке құрамдарымен бір­неше кездесу өткізілді. Ондағы мақ­сат – қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдарды қатыстыра оты­рып, адамгершілікке жат қылық­тар­мен бірлесе күресу. Өскелең ұрпаққа қатысты маңызды шара­лардан Аналар кеңесі де бас тартқан емес. Кеңестің мұрын­дық болуымен өткізілген 355 ша­раға 10,5 мыңға жуық адамның тартылуы – сөзіміздің дәлелі.

Облыстық, аудандық, қала­лық деңгейдегі Ақсақалдар кеңе­сін­сіз Ассамблея қызметін көзге елестету қиын. Оның құрамын­дағы 150-ге жуық қария – тірегіміз, ақылшымыз. Олардың өмірлік тәжірибелері тағылымға, үлгі-өнегеге бай, да­налықтың ше­жіресі, энциклопе­диясы іспет­тес. Достық үйі база­сында ма­гистр­лер мен сарап­шылардан және ғылым доктор­ла­рынан, яғ­ни, 11 адамнан тұра­тын ғылыми-сараптамалық топ құ­рылған. Он­да білім беру сала­сына қа­тыс­ты мәселелер жүйелі түрде талқы­ланып отырады. №17 ұлттық өркендеу орта мек­теп-кешенінің директоры Ләззат Жалмұқанова мәдениетаралық сауаттылық бағыты бойынша “Педагоги­калық идеялар пано­ра­ма­сы” ат­ты республикалық бай­қауда бі­рінші орын ие­ленді. “Ұлттық бір­ліктің қалып­тасуы жағдайын­дағы полиэтни­калық Қазақстан: этномәдени генезис” облыстық конферен­циясы саяси қуғын-сүргін құр­бан­дарына ар­налды. Жоғары құ­рылыс-эконо­мика­лық колледжі жанындағы бейбітшілік және келісім орта­лығы да ортақ іске сүбелі үлесін қо­сып келеді. М.Қозыбаев атын­дағы Солтүстік Қа­­зақстан уни­верситеті жанын­дағы Қазақстан халқы Ассам­блея­сы кафедра­сының жұмысы ауыз толтырып айтарлықтай. Кафед­ра меңгеру­шісі Людмила Гривен­ная спикер ретінде “Бей­бітшілік пен келісім жолы” экспе­дициясына қатысып, бірқатар өңірлерді аралап қайт­ты. Журна­листер клубы да – бас­ты тірегіміз.

Негізгі қызмет түрлеріміздің бірі қайырымдылық болып қала береді. Қайырымдылық клубы­ның жетекшісі Алла Писаренко бастаған еріктілердің, “Жас­тар ассамблеясы” бірлестігінің бұл салаға сіңірген еңбегі өлшеусіз. Олар әйелдер істері және от­басылық-демографиялық сая­сат жөніндегі комиссиямен бір­ле­сіп, “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” халықаралық акциясы ая­сын­да “Әлем – балалар көзімен” суреттер байқауының бастама­шы­сы болды. Конкурсқа түскен 95 шығармадан 10-ы іріктеліп байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы мара­пат­талды. Қазақстан халқы Ас­самблеясының “Бірлік” алтын медаліне “Urpaq” қазақ мәдени-ағарту орталығының ғылыми-са­раптамалық тобының төрайымы Гүлбақша Мұсабаева, СҚУ жанындағы ҚХА кафедрасының меңгерушісі Людмила Гривен­ная, №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің директоры Ләз­зат Жалмұқанова, “Копер­ник” поляк орталығының төрағасы Анатолий Крашевский лайық деп танылды. “Жомарт жан” төсбел­гісіне “Барбанг” күрдтер қауым­дастығы” филиалының бұрынғы төрағасы Рашид Надиров, қа­йы­рымдылық клубының төрайымы Алла Писаренко, Мағжан Жұма­баев ауданының кәсіпкер-меце­наты Дәурен Қойшыбеков ие болды. Республика деңгейінде алғашқылардың бірі болып “Ел бірлігі” ордені облыстың құрметті азаматы, ҚХА кафедрасының ғылыми-әдістемелік бірлестігінің мүшесі Анатолий Башмаковқа табысталды.

Жыл өткен сайын ассамблея­ның материалдық-техникалық ба­­засы нығайып келеді. Достық үйінің акт залына Led-экран ор­на­тылды, 16 орындық “Газель” ав­­тобусы сатып әперілді. Акт және конференц залдар қалпы­на кел­тірілді.

Президент Жаңа Қазақ­стан­ды құру үшін жеке және қоғамдық құндылықтар жүйесін толық ре­формалауды ұсынды. Бұл орай­да тек заңдардың әріптерін ғана емес, рухын да ұстану қажеттігін алға тартты. Көзқарастарымыз бен наным-сенімдеріміздегі айыр­­­машылықтарға қарамастан бізді біріктіретін, үйлестіретін, ортақ мақсатқа жұмылдыратын тылсым күш бар. Ол – достық пен бірлік, ел мен мемлекет мүд­десі.

Елена СЕМИДОЦКИХ,

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасары, қалалық мәслихаттың депутаты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp