«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс аумағында “Автобус” жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Оның аясында бір күннің ішінде полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 56 заң бұзушылықты анықтады.

Петропавлда қоғамдық көлік 26 бағыт бойынша қатынайды. Күніне белгіленген кестеге сай жолға 180-нен астам автобус шығады. Олардың жұмысы полицейлердің назарында. Тәртіп сақшылары “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізушілердің қажетті құжаттарының болуын, көлік құралдарының техникалық және санитарлық жағдайын тексерді.

Автобустарға өрт сөндіру құралынсыз және есіктерді апаттық ашу түймесінсіз арнайы бағытқа шығуға рұқсат берген лауазымды азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал жүргізушіге көлік құралын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін хаттама толтырылды.  

– Жүргізушілердің дені жолда маневр жасау ережелерін бұзады, осындай 16 факті тіркелді. Техникалық тексеруден өтпеген көлік құралын басқарудың 8 дерегі анықталды. Сонымен қатар көлік жүргізу кезінде 6 жүргізуші телефонмен сөйлескен, – дейді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Өткен жылы өңір аумағында қоғамдық көлік жүргізушілерінің кінәсінен 6 жол-көлік оқиғасы орын алып, 8 адам жарақаттанған.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp