«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тыйым салынған әдебиеттер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тыйым салынған әдебиеттерді әкелудің фактісін облыс полицейлері шекара қызметі қызметкерлерімен бірлесіп анықтады.

Тексеру кезінде Қырғызстан Республикасына барған Ресей Федерациясының азаматынан кітап табылып, тәркіленді. Бұл  Қазақстанның бүкіл аумағына әкелуге, басып шығаруға, сақтауға және таратуға тыйым салынған кітап болатын. Шетелдікке қатысты еліміздің қолданыстағы заңнамаларының талаптары бойынша әкімшілік материал жиналды. Қызылжар аудандық сотының шешімімен  айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды.

Полицейлер экстремизмге қарсы жұмысты тұрақты негізде жүргізіп жатыр. Өткен жылы облыста діни заңнамаға қатысты 24 заң бұзушылық анықталған.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp