«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Еңбекке жарамсыздық парақтары электрондық нұсқада рәсімделе ме?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласының тұрғыны Қизат Темірханов хабарласып: “Еңбекке жарамсыздық парақтары тек электрондық нұсқада рәсімделетіні жайлы ақпарат тарады, осы жөнінде толыққанды мәлімет бере аласыздар ма?” – деген сауалын жолдады. Оқырманның сауалына облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Тағаниязов жауап берді.

“Адам уақытша еңбек ету қа­білетінен айрылып, дәрігерге жү­гінген жағдайда ол тараптан берілген анықтама қағаз негі­зінде еңбекке жарамсыздық рес­­ми түрде куәландырылып, ауру кезеңінде еңбек міндет­те­меле­рін орындаудан босаты­лады.

Еңбекке жарамсыздық па­рағы Қазақстан Республика­сы­ның азаматтарына, осы ау­мақта тұрақты тұратын шетел­діктерге созылмалы ке­селдер­дің өршуі, жарақаттар мен ула­нулар, жүктілік, босану, жаңа туған сәбиге күтім, ор­то­педиялық протездеу және тағы басқа жағдайларда беріледі. Еңбек ко­дексінің 133-бабына сәйкес, жұ­мыс беруші өз қара­жаты есебінен жұмыскерлерге еңбек­ке уақытша қабілетсіздігі бойын­ша әлеуметтік жәрдем­ақы тө­леуге міндетті. Бұл ретте ден­сау­лық сақтау саласындағы уәкі­летті орган айқындаған тәр­тіппен рәсімделген құжат ұсы­нылса жеткілікті. Әлеуметтік жәр­демақылар еңбекке жарам­сыздықтың бірінші күнінен бас­тап жұмысқа қабілеттілігі қал­пы­на келген күнге немесе мү­гедек­тік белгіленгенге дейін тө­ленеді.

Денсаулық сақтау саласын­да­ғы цифрлық технологиялар қа­ғаздағы құжат айналымынан бас тарту­мен қатар заманауи сер­вис­тер негі­зін­де медициналық кө­мек көр­сетудің бірыңғай жүйесіне жол ашып отыр. Мәселен, амбу­латориялық қабылдау үшін дәрі­герге онлайн жазылуға болады. “eGoV Mobilie” қосымшасы негі­зінде емханаға жатқызу, дәрілік заттарды алу және еңбекке жа­рамсыздық парақтарын беру тәртібі оңайлатылды.

Бұрындары жұмыс беруші қыз­меткерінің ауырып қалғанын кейін біліп, ол жұмысқа оралған­да ғана еңбекке жарамсыздық қа­ға­зына қол қойса, енді ашылған немесе ұзартылған кезден-ақ бі­ле алады. Бұл биылдан бастап жұмыс беруші алдында қатаң есеп берудің үлгісі іспеттес “көк бланкілерді” электрондық нұсқа­да рәсімдеудің арқасында мүмкін болып отыр. Яғни еңбекке жа­рам­сыздық парақтарының қағаз түріндегі нұсқасы жойылып, то­лық автоматтандыру үдерісіне кө­шірілді. Бұл үдеріс медициналық ұйымдардың жұмысын көп же­ңіл­детті. Дәрігер па­циентті қа­был­дағаннан кейін тиіс­ті анықта­ма қағаздарын элек­трондық түр­де толтырады. Бұл барлық жа­ғынан тиімді. Жұмыс беруші құ­жатқа қол қоймайды, құжат оған толығымен элек­трон­дық фор­матта жолданады. Нау­қас ауру­ханаға сабылмайды.

Осылайша еңбекке жарам­сыздық парақтарын жобалауда бизнес-үдеріс түгелдей өзгер­ті­ліп, жұмыс берушінің қағазға қол қою қажеттілігі талап етіл­мейді”, – делінген жауапта.

Дайындаған

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp