«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кітап оқу марафоны

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Ауыл” халықтық-демократиялық патриоттық партиясы жанындағы “Ауыл” жастар қанаты мен жаңадан ашылған “Алқа – Мағжан сенімі” қоғамдастығы кітап оқу марафонын қолға алды. Оның аясында кітапсүйер қауым белгілі қаламгер, жерлесіміз Сафуан Шәймерденовтің “Инеш” романын оқуы қажет.

24 қаңтар мен 24 ақпан аралығында өтетін марафонға 16-35 жастағылар өтінім бере алады. Олар роман желісі бойынша әзірленген тест сұрақтарына жауап берулері керек. Жүлделі І, ІІ, ІІІ орын алғандарға ақшалай сыйлықтар мен Алғыс хаттар табысталады.

“Біздің өңірімізден небір атақты қаламгерлер шыққан. Олардың шығармалары жастар арасында кеңінен насихатталғаны жөн. Кітап оқу марафоны арқылы жастардың әдебиетке, проза жанрына деген құштарлығын оятқымыз келеді. Жоба өз жемісін беріп жатса, оны жыл бойы өткізуді қолға алмақпыз”, – дейді шараны ұйымдастырушылардың бірі Әлфараби Мыңбай.

“Алқа – Мағжан сенімі” қоғамдастығы өкілдері алдағы уақытта Зейнел-Ғаби Иманбаев, Ермек Қонарбаев, Бақыт Мұстафин, Жарасбай Сүлейменов, Ербол Шәймерденов сынды қаламгерлердің шығармаларына басымдық бермек.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp