«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Денсаулық кепілі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы облыс орталығында орналасқан спорт нысандарын аралап, материалдық-техникалық базасының жай-күйімен танысты.

Бүгінгі таңда “Дельфин” су спорт түрлері бойынша балалар мен жасөс­пі­рімдер спорт мектебінде 350 тәрбиеленуші бар. Былтыр 122 млн. теңгеге нысан­ның шатыры мен бассейніне күрделі жөндеу жүргізілген.

“Дельфин” БЖСМ басшы­сының орынбасары Азамат Хаб­дуллин жас спортшылардың же­тістіктерін баяндады. 11 тәр­бие­ленуші – ел құрамасының, ұлт­тық құрама командалары­ның мүшесі. Ал Яна Лукьянчи­кова және Егор Василенко биыл ақ­пан айының соңында Филиппин­де өтетін Азия чем­пио­натына қа­тысады. Олар Қазақстан Республика­сының намысын қор­ғайды.

Бұдан кейін өңір басшысы олимпиадалық резервтегі спорт мектеп-интернат колледжіне де барды. Бұл жерде 370-ке жуық өрен спорттың 14 түрі бойынша дайындалады. Колледжде 2021 жылы хоккей бөлімі ашыл­ған. Ғимаратта 100 орындық ас­хана, жаттығу залдары және жатақхана бар. Студент­тер үшін тағы бір кешен салу жос­парланған.

– 2018 жылы спорт мектебі мектеп-интернат коллед­ж болып өзгертілді. Бұл жерде балалар 11-ші сыныпқа дейін оқып, кейін осы кол­ледж­де оқуын жалғастыра ала­ды. Үш жыл оқығаннан кейін қол­дарына дипломын алады, – де­ді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұ­хамбетов олимпиадалық ре­зервті дайындау орталығы шаңғы базасының жұмысымен де танысты. Мұнда арнайы каби­на­лар, трибуналар қою жоспар­лан­ған.

Олимпиадалық резервті дайындау орталығының бас­шы­сы Ольга Надобенконың ай­туынша, қажетті кабинкалар, три­буналар 1-2 аптадан кейін жеткізіледі. Халықаралық стан­дарт бойынша электрондық хро­нометраж сатып алу да жос­пар­ланған.

Әңгіме барысында бір шаң­ғы жолағы ғана жарықтанды­рылғаны айтылды. Тағы 2,5 ша­қырымға жарық қою керек. Жал­пы орталықтың материалдық-техникалық базасын жаңартуға шамамен 20 млн. теңге қаражат жұмсалған.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp