«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қаңтар 26, 2024

“Жас қырандар — балапан”

Қызылжар ауданының орталығы – Бескөл ауылындағы “Парасат” мектеп-лицейінде қазақ айтыс өнерінің жарық жұлдызы, ақын, драматург Ерік Асқаровтың 65 жылдығына арналған “Ұлт ертеңі – ұрпақ” атты облыстық оқушылар айтысы өтті. Сынға түскен 7 жұптың өнерін астаналық айтыскер ақын Рауан Қайдаров бастаған қазылар алқасы бағалады. – Оқушылардың әдемі айтыс жасағанына куә болып отырмыз. Қараша айында “Дара дарын” …

“Жас қырандар — балапан” Read More »

Судың құны өсуі мүмкін

Жақын арада Петропавлда су тарифі өсуі мүмкін. Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаментінде өткен қоғамдық тыңдауда айтылды. “Қызылжар су” ЖШС өкілдерінің айтуынша, тарифті қымбаттатудағы негізгі себептердің бірі – инвестициялық бағдарлама сомасының өсуі. Яғни серіктестік сумен жабдықтау және су бұру желілерінің, станциялардың және техникалардың тозуын азайтпақ. Сонымен қатар кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақысын да көтеруді жоспарлап …

Судың құны өсуі мүмкін Read More »

ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов Тимирязев аудандық білім бөлімінің басшысының парамен ұсталып, оның қарамағындағы қызметкердің өз-өзіне қол жұмсау оқиғасына байланысты түсініктеме берді. “Лауазымды тұлға делдал арқылы бір мердігерлік ұйым өкілінен 1,2 млн. теңге мөлшерінде пара алды деген күдікке ілігіп, сот санкциясымен қамауға алынды. Оған екі мектепті күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыс …

ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ Read More »

ЖАЛҒАН ХАБАРДЫҢ ЖАЗАСЫ АУЫР

Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесіндегі үйлердің бірінде жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар берген азамат қамауға алынды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам “102” нөміріне хабарласып, қаладағы пәтерлердің бірінде жарылғыш зат қойылғаны туралы айтқан. Оқиға орнына кезекші жедел-тергеу тобы, техниктер, жедел әрекет етеін арнайы жасақтың, патрульдік полиция батальонының және басқа да мүдделі қызметтер …

ЖАЛҒАН ХАБАРДЫҢ ЖАЗАСЫ АУЫР Read More »

ӨЗЕН ЭРОЗИЯСЫ – АЛАҢДАУҒА СЕБЕП

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов төтенше жағдай мамандарымен бірге Есіл өзенінің жағалауын тексеріп, жағдайды айрықша бақылауға алу жөнінде тапсырма берді. Мамандардың айтуынша, өзен эрозиясы тек Есіл өзенінде ғана емес, оның салаларында да айқын байқалады. Мұның өзі су тасқыны кезеңінде алдын ала болжау жұмыстарын қиында­тып, бірқатар мәселелер туын­датады. “Жауапты мемлекеттік ор­ган­дарға жағалау сызығына ке­шен­ді зерттеу жүргізуді міндет­тей­мін. …

ӨЗЕН ЭРОЗИЯСЫ – АЛАҢДАУҒА СЕБЕП Read More »

Денсаулық кепілі

Өңір басшысы облыс орталығында орналасқан спорт нысандарын аралап, материалдық-техникалық базасының жай-күйімен танысты. Бүгінгі таңда “Дельфин” су спорт түрлері бойынша балалар мен жасөс­пі­рімдер спорт мектебінде 350 тәрбиеленуші бар. Былтыр 122 млн. теңгеге нысан­ның шатыры мен бассейніне күрделі жөндеу жүргізілген. “Дельфин” БЖСМ басшы­сының орынбасары Азамат Хаб­дуллин жас спортшылардың же­тістіктерін баяндады. 11 тәр­бие­ленуші – ел құрамасының, ұлт­тық құрама …

Денсаулық кепілі Read More »

АУЫЛ АУЫЗСУСЫЗ ОТЫР

Шал ақын ауданындағы Жа­ңасу ауылының тұрғындары бір аптадан бері сусыз отыр. Елді мекендегі су мұнарасы істен шыққан. Қыс басталғалы жаңасулық­тар судан тапшылық көріп келеді. Былтыр жөндеуден өткен су мұ­нарасы екі күннің бірінде қатып қалатын көрінеді. Амалы құры­ған тұрғындар әлеуметтік желіге бейнежазба жариялап, көмек сұ­рады. Олардың айтуынша, мұ­нара қалыпты жұмыс істеуі үшін үнемі қыздырып отыру қа­жет. …

АУЫЛ АУЫЗСУСЫЗ ОТЫР Read More »

ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

Жақында Петропавлда перинаталдық орталық жанынан оңалту орталығы ашылады. Медицина тілінде оны ерте араласу орталығы деп те атайды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жаңа орталыққа барып, ашылу алдындағы дайындығын көрді. Орталықты күрделі жөндеуден өткізу үшін бюджеттен қаржы бөлінген. Ал “Самұрық-Қазына” АҚ, “Қазақстан халқына” және “Қамқорлық” қорларының қолдауымен қажетті құрал-жабдықтар алынды. Мұнда әртүрлі патологиясы бар 3 жасқа дейінгі …

ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ Read More »

Зияткерлік меншік – қуатты капитал

Бүгінгі таңда зияткерлік меншік алыс-жақын шетелдермен терезесі тең жүруге мүмкіндік тудыратын, бәсекелестік қабілетті арттыруға серпін беретін қуатты капитал саналады. Сондықтан осы салада мемлекеттік саясатты қалыптастыра отырып, іске асыру, оның ішінде контрафактілік өнімдерге қарсы күрес, құқықтық түсіндіру жұмыстары әділет органдарының басты міндеттерінің бірі болып табылады. Былтыр зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бағытында семинарлар, дәрістер, “дөңгелек үстелдер”, кездесулер …

Зияткерлік меншік – қуатты капитал Read More »

ВЕЛОСПОРТТЫҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов солтүстікқа­зақ­стандық атақты велошабандоз, Олимпиада чемпионы, “Astana Qazaqstan Team” командасының бас менеджері Алек­сандр Винокуровпен кездесті. Жерлесіміз отандық вело­спорттың дамуы мен шетелдер­де танымал болуына зор үлес қо­сып келеді. Ал оның ұлдары – Алекс пен Николя да әке жолын таңдаған. Бүгінде веложарыс­тан түрлі додаларға қатысып, об­лыс намысын абыроймен қор­ғап жүр. Николя – 23 жасқа …

ВЕЛОСПОРТТЫҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР Read More »

Ғалым Байтұқ – директорлар кеңесінің төрағасы

Бұдан былай М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін Ғалым Байтұқ басқаратын болды. Ол дирек­торлар кеңесінің төрағасы бо­лып та­ғайындалды. Ғалым Сембекұлы 1971 жылы Петропавл қаласында ту­ған. 1993 жылы Ушинский атындағы педагогикалық институт­ты (қазір М.Қозыбаев атындағы СҚУ) бітірген. Еңбек жолын оқыту­шылық­тан бастап, кейін уни­верситет түлектері ассоциа­ция­сының ат­қарушы директо­ры, облыстық ақ­парат және қо­ғамдық келісім басқармасының бас маманы, “Іс­­керлік даму …

Ғалым Байтұқ – директорлар кеңесінің төрағасы Read More »

ҚАЗЫНА ТИІМДІ БАСҚАРЫЛУЫ ТИІС

Еліміз тәуелсіздік алып, жаңа нарықтық экономикалық қатынастарға көшуіне байла­нысты бұрынғы құрылымдарды, оның ішінде мемлекеттік қаржы­лық бақылау саласын реформа­лау қажеттілігі туындады. Осы орайда бюджеттік үдерістердің кең ауқымды шараларының бірі – қазынашылықты құру болды. Пре­зидент Жарлығымен 1994 жылы 27 қаңтарда Қаржы ми­нистрлігі жанынан Бас қазына­шы­лық басқармасы ашылып, бұл қаржы жүйесін жандандыру және бюджеттің орындалуын тиімді басқару жолындағы …

ҚАЗЫНА ТИІМДІ БАСҚАРЫЛУЫ ТИІС Read More »

“Kaspi” – АҚШ IPO-сында

“Kaspi.kz” финтех-холдингі АҚШ-тағы NASDAQ биржа­сында акцияларын бас­тапқы жария орналастыруға (IPO) шығар­ды. Ëондон қор бир­жасының сай­тын­дағы ақпа­рат бойынша, Kaspi.kz әр­қай­сысы компанияның әдеттегі бір акциясын ұсынатын 11300000 америка­лық депози­тарлық акцияны (ADS) ор­налас­тырған. Орналастыру бағасы – ADS үшін 92 дол­лардан. “Kaspi.kz”-тің IPO-ға тартқан қаржы көлемі 1 млрд. 039 млн. дол­ларды құрайды. Ор­на­ластырудың жетекші бук­раннерлері (өтінімді қабыл­даумен айналысатын ком­па­ния) …

“Kaspi” – АҚШ IPO-сында Read More »