«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨЗЕН ЭРОЗИЯСЫ – АЛАҢДАУҒА СЕБЕП

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов төтенше жағдай мамандарымен бірге Есіл өзенінің жағалауын тексеріп, жағдайды айрықша бақылауға алу жөнінде тапсырма берді.

Мамандардың айтуынша, өзен эрозиясы тек Есіл өзенінде ғана емес, оның салаларында да айқын байқалады. Мұның өзі су тасқыны кезеңінде алдын ала болжау жұмыстарын қиында­тып, бірқатар мәселелер туын­датады.

“Жауапты мемлекеттік ор­ган­дарға жағалау сызығына ке­шен­ді зерттеу жүргізуді міндет­тей­мін. Су басу қаупі бар 87 елді ме­кен анықталып отыр. Қажет бол­ған жағдайда жағалауды бе­кіту жұмыстарын жүргізетін бола­мыз”, – деді өңір басшысы.

Ғауез Торсанұлы өзендердің түбі мен арналарын тазалау ке­ректігін де ескертті. Сонда өзен­дер ластанудан, бітелуден және сарқылудан сақталады, судың ке­дергісіз өтуіне әсер етеді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp