«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА КӨЛІКТЕРДІҢ ЖАРТЫСЫ АУЫЛҒА БЕРІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірдің медициналық ұйымдары жаңа 19 санитарлық автокөлікпен толығып, темір тұлпарларды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов салтанатты түрде табыс етті. Техниканың жартысы ауылдарға берілді.

Ғауез Торсанұлы өз сөзінде денсаулық сақтау саласын үлкен өзгерістер күтіп тұрғанын жеткізді.  Былтыр облыс орталығында екі емхана пайдалануға берілді. “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы шеңберінде биыл елді мекендерде 38 дәрігерлік амбулатория мен фельдшерлік-акушерлік пункттінің құрылысы басталады. Кішкенекөлде жаңа емхана бой көтереді. Көпсалалы облыстық аурухананың құрылысы қайта жанданады.

Емдеу орындарын материалдық-техникалық жағынан жабдықтауға 5,1 млрд. теңге қарастырылған.

“Республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа сатып алынған көліктердің12-сі– “Соболь”, қалғандары – “JAC” маркілі техника. Аудан орталықтарында санитарлық көліктерге сұраныс жоғары. Емдеу мекемелерінің техникалық паркін толықтыру үшін әлі 52 көлік қажет. Мәселені шешу мақсатымен Қостанай қаласында жұмыс істейтін зауытпен келіссөз жүргізілуде. Осылайша медициналық қызмет көрсету сапасы жақсара түсетін болады”, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Күсемісов. 

Жансая ҚАЙЫПОВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp