«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қаңтар 31, 2024

ЖАҢА КӨЛІКТЕРДІҢ ЖАРТЫСЫ АУЫЛҒА БЕРІЛДІ

Өңірдің медициналық ұйымдары жаңа 19 санитарлық автокөлікпен толығып, темір тұлпарларды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов салтанатты түрде табыс етті. Техниканың жартысы ауылдарға берілді. Ғауез Торсанұлы өз сөзінде денсаулық сақтау саласын үлкен өзгерістер күтіп тұрғанын жеткізді.  Былтыр облыс орталығында екі емхана пайдалануға берілді. “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы шеңберінде биыл елді мекендерде 38 дәрігерлік амбулатория мен …

ЖАҢА КӨЛІКТЕРДІҢ ЖАРТЫСЫ АУЫЛҒА БЕРІЛДІ Read More »

ЗЕЙІНДІ ЖАСТАР БАЙҚАУЫ

Оқушылар сарайында “Хи­мо­Квиз” облыстық байқауы өтті. Байқауға 9 сынып оқу­шыларынан құрылған 20 команда қа­тысты. Бұл – өткен жылмен са­лыс­тырғанда екі есе көп, демек байқаудың танымалдығы артып келеді. Қа­тысушы топтардың басты мін­деті – қызықты әрі күрделі сұрақ­тарға жауап беріп, практикалық тапсырма­ларды орындау, тәжірибелер жасау шешімдер қабыл­дау, тапқырлық және белсенділік көрсету. Сан түрлі сынақтардан сүрін­бей өтіп, бірінші …

ЗЕЙІНДІ ЖАСТАР БАЙҚАУЫ Read More »

Тың деректерге толы

С. Мұқанов атындағы облыс­тық әмбебап-ғылыми кітапхана­да өлкетану клубының кезекті оты­ры­сы өтті. Отырыстың мақсаты – 1913 жылы жарық көр­ген “Петропавл қаласының қысқаша тарихи очеркі” кітабының авторы, дәрігер Леонид Кузнецов­ты еске алып, ерен еңбегін дәріптеу. Биыл  өлкетанушының туғанына 155 жыл толып отыр. Леонид Кузнецовтың жазып қалдырған “Петропавл қаласы­ның қысқаша тарихи очеркі” та­рихи баяндамасында мұрағат­тар мен музейлерде кез­деспей­тін …

Тың деректерге толы Read More »

Топ басында

Павлодарда волейболдан әйел­­дер командалары арасын­дағы ел біріншілігінің үшінші туры аяқ­талды. “Қуаныш” клубы соңғы ойы­нын талдықорғандық “Жеті­суға” қарсы өткізді. Үшінші турдың ақырғы кезде­суін­­де жерлестеріміз қарсыласын 3:0 есебімен тізе бүктірді. Ойынға ке­лер болсақ, бірінші және екінші пар­тия­да “Қуаныш” 25:21 есе­бі­­­мен жеңіске жетті. Ал шешу­ші ке­зең­­де тіпті бет қаратпады, есеп 25:11. Үш турдың қорытындысы бо­йын­ша “Қуаныш” жеке дара …

Топ басында Read More »

Үйінде марихуана сақтаған

Полиция қызметкерлері жүр­гіз­ген жедел іс-шаралар бары­сында ауыл тұрғынының үйінен аса ірі көлемде марихуана тәркіледі. Енді 55 жастағы сол­түстікқазақстандық 7 жылға де­йін бас бостандығынан айы­рылуы мүмкін. Мамлют ауданындағы ауыл тұрғынының үйі­нен полицейлер өзіне тән иісі бар өсімдік тектес жасыл түсті зат салынған 8 полимерлік тү­йіншекті анық­тады. Дәл осын­дай зат қағаздан жасалған екі ораманың ішінде болған. Жалпы …

Үйінде марихуана сақтаған Read More »

Шетелдік көліктерге шектеу

Облыстың жол патрульдік по­ли­цейлері шетелдік нөмірлері бар ав­токөліктерді тоқтатып, көлік құ­ра­лын тіркеу туралы куәліктерін тек­серуде. 2024 жыл­дан бастап қазақ­стандықтарға және Қазақ­станда тұруға ықтияр­хаты бар өзге елдердің азамат­тарына шет­елде тіркелген автокөліктерді пай­далануға тыйым са­лын­ған. Шет­елден әкелінген кө­лік­терді заң­дастырудың ұзар­тыл­ған мерзімі аяқталды. Енді тіркеу­ден өтпеген автокөлікті басқару әкімшілік заң­наманы бұзу болып табылады. Яғни он айлық есептік көр­сеткіш …

Шетелдік көліктерге шектеу Read More »

Құрметті азаматқа бұйырғаны құрқылтайдың ұясындай бір бөлме

Біздің келетінімізден хабардар Қазиза әжей жүзінен мейірім шуағы төгілген күйі есік алдында тұр екен, ежелгі танысындай құшақ жая қарсы алды. Жарты ғасырға жуық трактор тізгіндеген еңбек ерін басқаша кейіпте елестеткен едік, сөйтсек  киіктің асығындай ғана екен. Ойлы жанарында біз білмейтін әлдебір жұмбақ сырлар жасырынып жатқандай көрінді, сағынышты сезіммен еске алатын өмір белестерін білгенше асықтық. Пәтерге …

Құрметті азаматқа бұйырғаны құрқылтайдың ұясындай бір бөлме Read More »