Облыстың жол патрульдік полицейлері шетелдік нөмірлері бар автокөліктерді тоқтатып, көлік құралын тіркеу туралы куәліктерін тексеруде. 2024 жылдан бастап қазақстандықтарға және Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар өзге елдердің азаматтарына шетелде тіркелген автокөліктерді пайдалануға тыйым салынған. Шетелден әкелінген көліктерді заңдастырудың ұзартылған мерзімі аяқталды. Енді тіркеуден өтпеген автокөлікті басқару әкімшілік заңнаманы бұзу болып табылады. Яғни он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады, заң бұзушылық жойылғанға дейін көлік арнайы тұраққа орналастырылады.
Бүгінде облыс аумағында елімізде тіркелмеген автокөліктерді басқарудың 15 жағдайы анықталды. Автокөлік иелерінен шетелдік есепте тұрған автокөліктерін тіркеу бойынша шаралар қабылдауды сұраймыз.
Александр РОЗБАХ,
облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі.