«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шетелдік көліктерге шектеу

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстың жол патрульдік по­ли­цейлері шетелдік нөмірлері бар ав­токөліктерді тоқтатып, көлік құ­ра­лын тіркеу туралы куәліктерін тек­серуде. 2024 жыл­дан бастап қазақ­стандықтарға және Қазақ­станда тұруға ықтияр­хаты бар өзге елдердің азамат­тарына шет­елде тіркелген автокөліктерді пай­далануға тыйым са­лын­ған. Шет­елден әкелінген кө­лік­терді заң­дастырудың ұзар­тыл­ған мерзімі аяқталды. Енді тіркеу­ден өтпеген автокөлікті басқару әкімшілік заң­наманы бұзу болып табылады. Яғни он айлық есептік көр­сеткіш мөлшерінде айыппұл са­лынады, заң бұзушы­лық жойыл­ғанға дейін көлік арнайы тұраққа орналастырылады.

Бүгінде облыс аумағында елі­мізде тіркелмеген автокөліктерді басқарудың 15 жағдайы анық­тал­ды. Автокөлік иелерінен шетелдік есепте тұрған автокөліктерін тір­кеу бойынша шаралар қабыл­дауды сұраймыз.

Александр РОЗБАХ,

облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі  басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp