«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үйінде марихуана сақтаған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Полиция қызметкерлері жүр­гіз­ген жедел іс-шаралар бары­сында ауыл тұрғынының үйінен аса ірі көлемде марихуана тәркіледі. Енді 55 жастағы сол­түстікқазақстандық 7 жылға де­йін бас бостандығынан айы­рылуы мүмкін.

Мамлют ауданындағы ауыл тұрғынының үйі­нен полицейлер өзіне тән иісі бар өсімдік тектес жасыл түсті зат салынған 8 полимерлік тү­йіншекті анық­тады. Дәл осын­дай зат қағаздан жасалған екі ораманың ішінде болған. Жалпы салмағы 1 килограмм 22 грамды құрады. Сараптама нә­тижесі оның кептірілген мари­хуана екенін көрсетті.

– Аталған факті Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тек­серулердің бірыңғай тізілі­міне тіркелді. Тергеу барысын­да құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіру фактісі тек­серіледі, – дейді облыстық по­лиция департаментінің есірт­кі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Рус­лан Сапаров.

Жыл басынан облыс поли­цей­лері есірткіге қатысты 27 құқық бұзушы­лықтың жолын кесті, оның 11-і – өткізу фактісі.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp