«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тоғыз қоқыс полигоны салынады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірлік коммуникациялар қыз­метінде облыстағы экологиялық ахуал жөнінде брифинг өтіп, онда облыстық экология депар­таменті басшысының міндетін ат­қарушы Жасұлан Сәдуев баян­дама жасады. Департаменттің ат­қарған жұмыстарына тоқтала келе спикер облыстағы заңсыз қоқыс полигондары мәселесіне де тоқталды.  “Қазақстан Ғарыш Сапары” Ұлттық компаниясы” АҚ мәліметі бойынша былтыр өңір­де ғарыштық мониторинг арқылы 274 қоқыс полигоны анықталған. Оның 198-і рұқсат етілмеген жер­де орналасса, 76-сы белгіленген шекарадан шығып кеткен. Де­партамент басшысының міндетін атқарушы заңсыз полигондарға қатысты тиісті шаралар қабылда­нып, олардың түгелдей жойылғанан айтты.

Сонымен қатар Жасұлан Сә­дуев 2020 жылы экологиялық проблемаларды шешу­дің жол картасы қабылданғанын атап өтті. Онда жеті бағыт бойын­ша 15 іс-шара өткізу көзделген. Жол картасындағы міндеттерді орын­дау бойынша жұмыстар біздің өңірде де жүргізілуде.

– Қалдықтарды рұқсат етіл­меген орынға төккені үшін облыс бойынша 28 тұрғын әкімшілік жауапқа тартылды, оларға жал­пы сомасы 621000 теңге әкім­шілік айыппұл салынды. Есептік кезең ішінде экология департа­ментіне 112 өтініш келіп түсті. Оның ішінде тұрғындардан жол­данған өтініштер, хабарламалар, сұраулар, ұсыныстар мен ша­ғымдар бар. Бір шағым жоғары тұрған мемле­кеттік органға қайта жіберілді. Ті­келей департамент 95 өтінішті қарады. Өтініштерді қарау және ұзарту мерзімдерінде кемшіліктер болған жоқ, – деді Жас­ұлан Сәдуев.

Кей нысандардың құры­лы­сына қатысты мораторий уақыты аяқталғаннан кейін өңір аудандарында тоғыз қоқыс полигоны құрылысы басталады. Бұдан бөлек, “Қызылжар су” серіктестігіне тиіселі канализациялық тазарту жүйелері жаңғыртылып, Сергеевка қаласында осындай нысанның құры­лы­сы басталады. Аталған жобаларды жүзеге асыру 2024-2026 жылдарға жоспарланған.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp