«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Ақпан 1, 2024

“Қамажай” — халық әні емес

Қазақтың ән өнері де халқымызбен тағдырлас. Қазақтың басынан өткен небір алмағайып замандар ән мұрамызды да айналып өткен жоқ. Сол кезеңде талай құнды мұраларымыздан көз жазып, қолда барды әрең сақтап қалдық. Содан да болар, кей туындылардың авторы, тарихына қатысты таластар бүгінгі күнге дейін толастамай келеді. Бұл мақаламызда айтпағымыз бертінге дейін “халық әні” болып ел арасына кеңінен …

“Қамажай” — халық әні емес Read More »

КЕҢ ТЫНЫСТЫ ҚАЛАМГЕР

Бүгін туғанына тура 90 жыл толып отырған марқұм жерлесіміз, қаламгер Сәкен Жүнісов бірыңғай жазу­шылықпен айналысқан жарты ғасырға таяу шы­ғар­машылық өмірінде қазақ әдебиетін өркен­де­туге өлшеусіз үлес қосты. “Ақан сері” дилогиясы, “Жапандағы жалғыз үй”, “Заманай мен Аманай” ро­мандары қалың оқырман қауымнан да, әдеби сын­шылар тарапынан да жоғары баға алды. “Ажар мен ажал”, “Тұтқын­дар”, “Қызым, саған айтам”, “Жа­ралы …

КЕҢ ТЫНЫСТЫ ҚАЛАМГЕР Read More »

Білім саласында саны басым

Экономикалық зерттеулер инс­титутының сарапшысы Жа­нерке Рахманның айтуынша, қазіргі уақыт­та жұмыс күшінің басым бөлігін әйелдер құрай­тынына, олардың арасында жо­ға­ры білімділердің көптігіне қа­рамастан лауазымдық қызмет­те­гі басшылық өкілдігі рөлінің ба­ғалануы әлі төмен. Мемлекеттік басқару сатысына көтерілген сайын нәзік жандардың саны азая түседі. “Білім беру саласы бойынша зерттеушілер арасында сандық феминизация, яғни әйелдерге еркектермен тең мүмкіншілік беру үрдісі байқалады. …

Білім саласында саны басым Read More »

Қайырлы ҒАФУРОВ: “СҰРАП АЛҒАН АТАҚТАН АБЫРОЙЫҢ АРТПАЙДЫ”

– Қызылжарлық өнерсүйер қауым сізді алдымен айтыскер ақын ретінде таныды, кейін әншілігіңіз бен күйшілігіңізді көрді. Соңғы жылдары дирижерлік етіп жүрсіз. Жергілікті өнер колледжінде ұстазсыз. Диплом бойынша қай саланың маманысыз өзі? – Жалпы мен өнерлі отбасынан шыққанмын. Мектепке бармай тұрып, яғни, бес жасымнан бастап домбыраны жаныма серік еттім. Ата-әжемнің қолында өстім. Мектеп бітірген соң Көкшетау қаласындағы …

Қайырлы ҒАФУРОВ: “СҰРАП АЛҒАН АТАҚТАН АБЫРОЙЫҢ АРТПАЙДЫ” Read More »

Тоғыз қоқыс полигоны салынады

Өңірлік коммуникациялар қыз­метінде облыстағы экологиялық ахуал жөнінде брифинг өтіп, онда облыстық экология депар­таменті басшысының міндетін ат­қарушы Жасұлан Сәдуев баян­дама жасады. Департаменттің ат­қарған жұмыстарына тоқтала келе спикер облыстағы заңсыз қоқыс полигондары мәселесіне де тоқталды.  “Қазақстан Ғарыш Сапары” Ұлттық компаниясы” АҚ мәліметі бойынша былтыр өңір­де ғарыштық мониторинг арқылы 274 қоқыс полигоны анықталған. Оның 198-і рұқсат етілмеген жер­де …

Тоғыз қоқыс полигоны салынады Read More »

Қар тазалайтын техника тапшы

Қысқы кезеңде автомобиль жолдарын күтіп ұстау мәсе­лесі “AMANAT” партиясының өңірлік филиалының партия­лық бақылау комиссиясының отырысында қаралды. “ҚазАвтоЖол” ҰК АҚ облыс­тық филиалы директорының мін­детін атқарушы Қанат Өсербаев­тың айтуынша,  республикалық ма­ңызы бар жолдарға қызмет көр­сету шараларына 600 млн теңге бөлінген. “13 өндірістік база, сыйым­дылығы шамамен 70 адам бола­тын 6 жылыту пункті бар. 104 қар тазалау техникасы, 43 …

Қар тазалайтын техника тапшы Read More »

ИНВЕСТОРЛАР ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Франция елінің делегациясын қабылдады.      Кездесу барысында өңір басшысы екі ел арасында жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстар мен ерекше достық қарым-қатынастың орнағанын атап өтті. Былтыр Франция мен Солтүстік Қазақстан облысы арасындағы тауар айналымы 3,2 млн. долларды құраған. “Qyzyljar” экономикалық аймағында сіздердің өндірістеріңізді орналастыруға дайынбыз. Бизнес өкілдерін 16 ақпанда өтетін “Қызылжар Investment” халықаралық инвестициялық …

ИНВЕСТОРЛАР ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ Read More »

Пойызбен тегін жүреді

Жаңа жылдан бастап Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан ардагерлерге бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Осы санатқа жатқызылғандардың зейнетақыларына коммуналдық төлемдер үшін 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде үстемақы қосылды. Бұдан бөлек, жыл сайын азалы күнді еске алу сәтінде тұрмыстық жағдайларына байланысты түрлі жеңілдіктер көрсетіледі. Соның бірі – Алматы – Петропавл бағыты бойынша қатынайтын темір жол көліктерінде тегін жүру. …

Пойызбен тегін жүреді Read More »

Еңбекке баулу — тәрбиенің төресі

Өткен жылдан бастап  балабақша, мектеп және колледждерде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы іске асырыла бастады. Бұл құжат жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған. Облыстық қоғамдық кеңесте бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарында қазіргі заманға сай әдіс-тәсілдер негізінде балалардың Отанға және отбасына деген құрметін арттырып, еңбекке баулу шаралары …

Еңбекке баулу — тәрбиенің төресі Read More »