С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында қойылған “12 минут” атты трагикомедиялық қойылымға қазақ театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері Жұмат Шанинның қайшылыққа толы өмірінің тағдырлы кезеңі арқау етілген. Мәскеуде өткен Қазақстанның мәдениет және өнер онкүндігіне “Қыз Жібек” спектаклін сахналауға бара жатқан жолда ұлы шетінеп кетеді. Партия басшылары қатысқан қойылым бар-жоғы 12 минутқа кешігіп басталғаны үшін кейін қудалауға ұшырап, адам нанғысыз жаламен өлім жазасына кесіледі. Осы бір тарихи сәтті актерлар құрамы шынайы бейнелеп, өткен жылдардың зұлмат жаңғырығын көрерменнің көз алдына әкелді.
Сержан НҰРТОЛҚЫНҰЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.