«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үкім өзгеріссіз қалды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық сотта мемлекет қауіп­сіздігіне нұқсан келтіруді насихат­таған және сепаратистік әрекет­терге ашық түрде шақырған өңірдің төрт тұрғынына қатысты қылмыс­тық іс қаралды.

Петропавл қалалық соты осы іс бойынша былтыр 19 адамның төр­теуіне жаза кескен болатын. Вяче­слав Зудерман 9 жылға бас бос­тандығынан айырылса, қал­ған үшеуі – Елена Болдырева, Мәдина Қапарова және Ольга Бережнова 7 жылға сотталған.

Облыстық сот айыпталушы­лар­­дың шағымын қарай келіп, үкімді өзгеріссіз қалдырды. Осы­лайша сот­талушылар мен адво­каттардың ша­ғымы қанағат­тан­дырылмады.

Оқырмандарға түсінікті болу үшін айта кетейік. 2023 жылдың 19 наурызы күні 19 адам жер­гілікті кол­ледждердің біріне жиналып, Петро­павл қаласы ең­бекшілерінің халық кеңесінің құ­рылғанын мәлімдеген. Әлеу­меттік желілерде белсенділік таны­тып, еліміздің егемендігін жоққа шы­ғаруды мақсат еткен жазбалар жа­риялап келген.

Комиссиялық психоло­гия­лық-филологиялық сот сарап­тама­сы­ның қорытындыларына сәйкес, олар­дың әрекетінен се­паратизм бел­гілері анықталған. Сондай-ақ ұйымдастырушылар­дың бірі – В.Зу­дер­манның үйінде тапан­ша патронын заңсыз сақтағаны белгілі болды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp