«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үйірінен адасқан елік

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы Жұмысшы кен­тінің аумағында адасып жүрген елікті көзі шалған тұрғындар бұл туралы “102” телефонына хабарла­ған. Шақыруға табиғатты қорғау по­лициясының қызметкерлері мен қорықшылар келген. Олар №43 мектептің стадионында өз үйірі­нен көз жазып қалған елікті ұстап, орманға жеткізді. “Қазіргі уақытта жабайы жануарларды ау­лауға тыйым салынғанын ескер­те­міз. Үш мың айлық есептік көрсет­кіш көлемінде айыппұл салынып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ұмытпау­ларыңызды сұраймыз”, – дейді та­биғатты қорғау полициясы тобы­ның ерекше тапсырмалар жөнін­дегі аға инспекторы, полиция под­полковнигі Асхат Қожабаев.

Табиғатты қор­ғау полициясының қызметкерлері “Браконьер” жедел-профилакти­калық іс-шарасы аясында жұмыс іс­теп жатыр. Полицейлер мүдделі органдармен бірлесіп, аңшылық шаруашылықтары мен қорғалатын табиғи аумақтарға рейд­терге шығуда.

Ерлан МАХМЕТОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялары бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp