«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“БІЗДІҢ СӘКЕН СЕРІ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Уәлиханов аудандық орталық кітапханасының оқу за­лында жерлесіміз, қазақтың көр­нек­ті жазушысы, драматуруг, аудармашы Сәкен Жүні­совтің туғанына 90 жыл толуына орай “Біздің Сәкен сері ” кітап бұрышы ашылды.

Кітап бұрышы негізі төрт бө­лім­нен тұрады. “Сайына қарай – саласы, Әкесіне қарай – баласы” атты бірінші бөлімінде Сәкен Жү­нісовтің отбасы, сонымен қатар әкесі Нұрмақ Жүнісовтің елі үшін атқарған еңбектері, отбасылық фо­то­лар, библиографиялық анықтамалар, мерзімді басы­лымдар қойылды. “Қос жанрдың жүйрігі” атты екінші бөлімді жа­зу­шының өмірі мен қызметі туралы материалдар, энциклопе­дия­лар, библиографиялық мақалалар және ол туралы әдебиеттер құрайды.

“Сарыарқаның серісі” атты үшінші бөлімде Сәкен Жүнісов­тің шығармашылық мұрасы, еңбектері ұсынылған. “Архивтер сөйлейді” атты төртінші бөлім көрменің негізгі құнды бөлігі бо­лып табылды. Арнайы Уәлиха­нов аудандық мұрағатынан әке­ліп қойылған Сәкен Жүнісовтің мектеп кезіндегі күнделігі, Кіш­ке­некөл №2 мектебінде қызмет атқарған жылдары қабылданғаны және босатылғаны жө­ніндегі бұйрықтары, үй құжаттарының актісі қойыл­ған.

Уәлиханов ауданының құрмет­ті азаматы Сансызбай Қа­лиев Сәкен Жүнісов жайлы тың деректерді келтірді. Кітап бұ­рышының ашылуына ерекше үлес қосқан аудандық мұрағат басшысы Дулат Сұлтанов мұра­ғат та сақталған ма­те­риалдарды оқырмандарға таныстырып өтті. Іс-шара соңында жазушының келіні Бәтима Мұхамета­лина ризашылығын білдіріп, Сәкен Жүнісовтің қолтаңбасы бар кітапты көрмеге тапсырды.

Жанаргүл МҮШЕЛБАЙ,

Уәлиханов аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp