«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бюджет қаржысын жымқырған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық сот баспасөз қызметінің мәліметінше аудандық білім бөлімінің қыз­меткерлеріне, ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысына және жеке кәсіп­керге бюджет қаржысын ұрла­ды, пара берді және алды деген айып тағылған.

2022 жылдың қараша айында Мағжан Жұмабаев ауданы білім бөлімінің басшысы Р. жеке кәсіпкер Т.-мен бірлесіп, 7 мек­тептің өртке қарсы автоматтан­дырылған дабыл жүйесін жөндеуге бөлінген қар­жы­ға қол салып, мемлекетке 7 млн. теңге мөлшерінде шығын келтірген. Атқарылған жұмыс­тар қағаз бетінде ғана көрсеті­ліп, бюджеттің ақшасы жемқор­лардың жем-сауында кете бар­ған. Сондай-ақ Р. мен бас бух­галтер К. бас пайдаларына жа­ратқан 1 млн. теңге әшкере бол­мас үшін ішкі мемлекеттік аудит департаментінің аудит және қар­жылық есеп бөлімінің жетекшісі О.-ға 650 мың теңге пара ұсын­ған.

Сотталушылар Р., К., Т. өз кі­нә­ларын ішінара, ал О. толық мойын­дады.

Петропавл қалалық соты Т.-ның кәмелетке толмаған үш ба­ласының барын, О.-ның кінәсін толық мойындауын, К.-ның ауы­ратындығын, Р.-дың дертінен бө­лек, мемлекетке келтірілген ма­те­риалдық шығынды толық өте­генін ескере келіп, аудандық бі­лім бөлімінің бұрынғы басшы­сына – 88 млн. 627 мың, жеке кә­сіпкерге – 76 млн. 127 мың, бас бухгалтерге – 21 млн. 645 мың, ішкі мемлекеттік аудит депар­та­ментінің бөлім басшысына 26 млн. теңге көлемінде айыппұл түрін­де жаза кесті.

Бұдан бөлек, сотталушылар өмір бойына мемлекеттік қыз­метте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Айыппұл сот үкімі заңды кү­шіне енгеннен кейін бір ай ішін­де төленуі тиіс. Төленбеген жағдайда айыппұл бас бостан­дығынан айыру жазасына ауыс­тырылады.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp