«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САПАСЫЗ ҚҰРЫЛЫС САРСАҢЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығындағы бірқатар өндіріс, құрылыс нысандарын және білім беру мекемелерін аралап көрді.

Ғауез Торсанұлы алдымен Ка­миль Сафин атындағы бокс мектебіне барды. Мұнда 14 бап­кер 350-ге жуық баланы жат­тық­тырады. Олардың 21-і – спорт ше­берлігіне үміткер. Мұнда Ев­гений Павлов, Дари­ға Шәкі­мова, Наталья Богдано­ва сын­ды есімдері әлемге, рес­пуб­ликаға белгілі боксшылар жат­тыққан.

Қалада бокс үйірмелері “Олимп” спорт клу­бын­да, олим­пиадалық ре­зерв мек­­теп-ин­тернат коллед­жінде жә­не “Же­ңіс” спорт мекте­бінде де бар.

Бұдан кейін өңір басшысы ве­лосипед спортынан олим­пиа­далық резервтің маманданды­рылған балалар-жасөспірімдер мектебінде болды.

Облыс әкімі Уәлиханов кө­ше­сі бойында салынып жатқан көп­қабатты үйдің құрылысын ара­лады. Бас мердігер “Trust Stroy” ЖШС оған 3 млрд. тең­ге­ден астам қаражат құйған. Тұр­ғын үйдің жеке паркингі болады, тұрғындар пәтерлеріне “Face ID” арқылы кіре алады, бейнеба­қылау камералары орнатылған.

Ғауез Торсанұлы баспана­лар­дың сапасы жақсы екенін және тұр­ғындарға барлық жағ­дай жа­сал­ғанын айта келіп, нау­рыз айы­на де­йін қолданысқа беруді тап­сырды.

Петропавл жоғары құрылыс-эко­номикалық колледжінде 11 ма­­мандық бойынша 1145 сту­дент бі­лім алады. Түлектердің 97 пайызы жұмыспен қамтыл­ған.

Білім басқармасының бас­шы­сы Нәзір Жәшібеков “Жас ма­ман” бағдарламасына 9 кол­ледж қаты­сып, 2,4 млрд. теңге бө­лінгенін, материалдық-техникалық база айтарлықтай жаңар­тылғанын, ауыл шаруашылығы тех­никалары сатып алынғанын баяндады.

Облыс әкімі газ блоктарын жә­не құрғақ құрылыс қоспаларын шы­ғарумен айналысатын “Miх Uni­versal” ЖШС-ға ат басын тіреді. Серіктестіктің жылдық қуатты­лығы – 13 мың тонна.

“Алтын бесік” балабақша­сын­да тәрбиеленетін 320 бала 14 топ­қа бөлінген, 10 топ – қазақ тілінде.

№17 ұлттық жаңғыру кешенін­де 1881 оқушы білім алады. Өткен жылы мектепті 86 түлек аяқтап, 11-і алтын белгі иегері атанған. Өзге этнос өкілдерінің балалары үшін 10 бөлімше ашылған. Білім ордасы 1 млн. теңгеге спорттық жабдықтар сатып алған.

Ғауез Нұрмұхамбетов “Қызыл­жар-Ақбастау” және “Алтын Арман” ба­зарларында өткен ауыл шаруа­шылығы жәрмеңкесіне қа­тысып, “Солтүстік” әлеуметтік-кә­сіпкерлік корпорациясының тұ­рақ­тандыру қорына қарасты сау­да нүктелерін аралады. Бұларда ұн, макарон, күріш, күнбағыс ма­йы, қант, көкө­ніс сияқты әлеу­меттік маңызы бар азық-түлік өнім­дерінің қоры жинақталған жә­не қолжетімді бағамен сатылады.

Өңір басшысы “Қызылжар-Ақбас­тау базарында “Солтүстік” ӘКК-ға тиесілі ғимараттың 2,6 мың шаршы метрі бос тұрғанын, оны тиімді пайдалану қажеттігін ескертті. Тиісті орындарға осы мә­селе бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді жүктеді.

“Жас өркен” ықшамауданын­дағы көпқабатты үйге (Жамбыл кө­шесі 38) қоныстанған тұрғындар та­рапынан шағым жиі түседі. Өйткені, бас мердігер өзі­не жүк­телген міндеттемені жауап­кер­шілікпен атқарудың орнына басқа құрылыс компанияларына арта салған. Соның салдарынан орын­далған жұмыстардың сапа­сы көңіл көншітпейді.

Өңір басшысы көпқабатты үй­дің жағдайымен танысқан соң қала басшылығына барлық ол­қылықтарды шұғыл түрде жоюды тапсырды. Мәселені жеке бақы­лауына ала­тынын айтты.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltustik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp