«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Ақпан 6, 2024

Ел чемпионы атанды

Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан ел біріншілі­гін­де екі бірдей солтүстікқазақстандық балуан топ жарды. Ел біріншілігінде грек-рим кү­ресінен бақ сынаған жерлесі­міз Николай Хапко алтыннан алқа тағынды. Солтүстікқазақ­стан­­дық балуан 72 килограмм салмақ дәрежесінде сынға тү­сіп, жеңіске жетті. Еркін күрестен өңір намы­сын қорғаған Нұрқожа Қайпа­нов та жеңіс тұғырына көтеріл­ді. Ба­луанға 74 килограмм салмақта тең келер ешкім болмады. – …

Ел чемпионы атанды Read More »

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ – ӨРКЕНДЕУ ЖОЛЫ

Мемлекеттік саясаттың ұзақ мерзімді басымдығы болып табылатын цифрландыруды дамыту туралы заң тұрғындар үшін мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын әлдеқайда оңайлатты. Әр сала бойынша цифрлық стратегия әзірленіп, азаматтардың уақытын үнемдеуге, электронды құжат­тар­дың қолданылу аясын кеңейтуге, ауылдық жерлерде байланыс сапасын арттыруға, ақпараттық қа­уіп­сіздікті күшейтуге айрықша мән берілген. Заңға цифрлық трансформацияның енгізілуі мемле­кет­тік аппараттың қызметін бюрократиядан арылтуға, неғұрлым тиімді …

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ – ӨРКЕНДЕУ ЖОЛЫ Read More »

Жол апаты жиіледі

Өңірлік коммуникация­лар қызметінде облыстық полиция департаментінің 2023 жылы атқарған жұ­мыс­ына қатысты бас­пасөз мәслихаты өтіп, де­пар­тамент бастығы, по­ли­ция полковнигі Айдын Қаб­дұлдинов баяндама жасады. Сөз басында ведомство бас­шы­­­сы жуырда Президенттің қа­ты­­суымен елордада өткен Ішкі іс­тер министрлігінің кеңейтіл­ген оты­­рысында полицияның сер­вис­­­тік моделін құру жөнінде бір­қа­­тар міндеттер қойылғанын атап өтті. – Өткен жылы полиция қыз­меті­нің мәртебесін арттыру үшін бірқа­тар …

Жол апаты жиіледі Read More »

Қамқорлық аясында

Облыстық перинаталдық ор­талықтың жанынан “Samruк-Kazyna Trust” қо­ры­ның қаржыландыруымен ба­лаларға арналған оңалту орталығы ашылды. Он­да жыл сайын 3 жасқа дейінгі 600 ерекше қажеттілігі бар бала ем алады. – Біз 2020 жылдан бері ерек­ше балаларды оңалтуға арналған орталықтарға қаржы­лай қолдау көрсетіп келеміз. Үш жылдың ішінде Қазақстан­да инклюзивті қоғамды дамы­туға бағытталған 15 оңалту, 16 ерте араласу және аутизмі …

Қамқорлық аясында Read More »

Өңірлік кадр резерві жасалмақ

Қазақстанда бұған дейін рес­публикалық кадрлық резерв құ­рылса, биылғы жылдың 1 нау­ры­­­зынан бастап өңірлік топтар жа­сақталмақ. Бұл жайлы ар­найы ұйым­дас­тырылған бри­фингте айтылды. Мемлекеттік қызмет істері жө­ніндегі агенттіктің Солтүстік Қа­зақстан облысы бойынша де­партаментінің басшысы Дулат Тайшабайдың айтуынша, ірік­теу­ге 35 жастан аспаған, жо­ға­ры білімді және үш жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қа­зақстан Республикасының аза­маттары қатыса алады. – …

Өңірлік кадр резерві жасалмақ Read More »

САПАСЫЗ ҚҰРЫЛЫС САРСАҢЫ

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығындағы бірқатар өндіріс, құрылыс нысандарын және білім беру мекемелерін аралап көрді. Ғауез Торсанұлы алдымен Ка­миль Сафин атындағы бокс мектебіне барды. Мұнда 14 бап­кер 350-ге жуық баланы жат­тық­тырады. Олардың 21-і – спорт ше­берлігіне үміткер. Мұнда Ев­гений Павлов, Дари­ға Шәкі­мова, Наталья Богдано­ва сын­ды есімдері әлемге, рес­пуб­ликаға белгілі боксшылар жат­тыққан. Қалада бокс үйірмелері …

САПАСЫЗ ҚҰРЫЛЫС САРСАҢЫ Read More »