«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өңірлік кадр резерві жасалмақ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстанда бұған дейін рес­публикалық кадрлық резерв құ­рылса, биылғы жылдың 1 нау­ры­­­зынан бастап өңірлік топтар жа­сақталмақ. Бұл жайлы ар­найы ұйым­дас­тырылған бри­фингте айтылды.

Мемлекеттік қызмет істері жө­ніндегі агенттіктің Солтүстік Қа­зақстан облысы бойынша де­партаментінің басшысы Дулат Тайшабайдың айтуынша, ірік­теу­ге 35 жастан аспаған, жо­ға­ры білімді және үш жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қа­зақстан Республикасының аза­маттары қатыса алады.

– Іріктеу бес кезеңнен тұр­мақ. Алғашқысы наурыздың 31-ші жұлдызына дейін жалғаса­ды. Мұнда үміткерлерден құ­жаттар қабылданады. Канди­даттар құ­жат­тарды “onir.pkrezerv.gov.kz” сайтында тап­сыра алады. Қа­жет­ті құжат­тар тізімі: Қазақстан азама­тының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі, білім ту­ралы құжат­тардың және оларға қосымша­лардың көшір­мелері, еңбек қыз­метін растай­тын құжаттың кө­шір­месі, өңірлік резервке кан­дидаттың қызмет­тік тізімі және фотосурет қажет, – дейді де­пар­тамент басшысы.

Бесінші кезеңде комис­сия отырысы өтеді. Оның қорытын­дысы бойынша жолы болған жастардың тізімі бір жұ­мыс күні ішінде интернет-ре­сурстарда, сон­дай-ақ онлайн-платформада жарияланатын болады. Жал­пы іріктеу маусым айының орта­сында аяқталады.

Сержан НҰРТОЛҚЫНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp