Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан ел біріншілігінде екі бірдей солтүстікқазақстандық балуан топ жарды.
Ел біріншілігінде грек-рим күресінен бақ сынаған жерлесіміз Николай Хапко алтыннан алқа тағынды. Солтүстікқазақстандық балуан 72 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жеңіске жетті.
Еркін күрестен өңір намысын қорғаған Нұрқожа Қайпанов та жеңіс тұғырына көтерілді. Балуанға 74 килограмм салмақта тең келер ешкім болмады.
– Салмағымда осал балуан жоқ. Араларында әлем чемпионатының жүлдегерлері мен Азия чемпиондары болды. Әр жекпе-жекті шабуылмен өткізуге тырыстым. Ендігі мақсатым – Олимпиадаға жолдаманы ұтып алу. Кейін көк туымызды желбіретіп, әнұранымызды шырқату, – деді Нұрқожа Қайпанов.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.