«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жол апаты жиіледі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірлік коммуникация­лар қызметінде облыстық полиция департаментінің 2023 жылы атқарған жұ­мыс­ына қатысты бас­пасөз мәслихаты өтіп, де­пар­тамент бастығы, по­ли­ция полковнигі Айдын Қаб­дұлдинов баяндама жасады.

Сөз басында ведомство бас­шы­­­сы жуырда Президенттің қа­ты­­суымен елордада өткен Ішкі іс­тер министрлігінің кеңейтіл­ген оты­­рысында полицияның сер­вис­­­тік моделін құру жөнінде бір­қа­­тар міндеттер қойылғанын атап өтті.

– Өткен жылы полиция қыз­меті­нің мәртебесін арттыру үшін бірқа­тар игі шаралар атқа­рылды, мате­риалдық-техникалық жабдықтау жаңарды. Өз жұ­мысымызда сандық тех­но­ло­гия­ларды кеңінен пайда­ла­ну­ды тәжірибеге енгіздік. Бейне­ба­­қы­лау, мектептегі қауіпсіздік жүйе­лерін ке­зек­ші бөлімдерге жал­ғау, құқық­ бұ­зу­шылықтарды мо­бильді тіркеу бо­йын­ша жоба­лар жүзеге асты. “Цифрлық по­лицей” бағдарламасы ая­сында барлық қызметкерлер план­шет­тер­мен және бейнежетон­дармен қам­тылған, – деді Ай­дын Қаб­дұлдинов.

Көшедегі қауіпсіздікті қамта­ма­сыз ету үшін облыс орталы­ғын­да екі жылда 5 полиция бе­кеті орнатыл­ған. Облыс бойын­ша тұрғындарды қа­былдап, сұрақтарына жауап бе­ретін 15 фронт-кеңсе жұмыс істейді.

Қоғамдық тәртіпті сақтауда бей­небақылаудың көмегі көп. Қаланың жедел басқару орта­лы­ғына 9 мың камера жалған­ған. Былтыр ка­мералардың ар­қасында 618 қыл­мыс пен 18530 әкімшілік құқық бұ­зу­шылық анықталған. Қабылданған ша­ра­лар нәтижесінде былтыр өңір­­дегі құқық бұзушылық оқи­ға­лары 18,2 пайызға азайған.

Полиция жұмысының тағы бір ба­ғыты – есірткі қылмысы­ның ал­дын алу. Былтыр облыс­та мұндай 281 құ­қық бұзушы­лық анықталған. Оның басым бөлігі – есірткінің заңсыз ай­на­лымы, сату, сақтау, жарнама­лау­ға қатысты істер. Заңсыз ай­налымнан 740 килограмм түрлі есірткі және психобелсенді өнімдер алыныпты. Департа­мент басшысы зиянды сайттар бұғатталып жатқанымен есірт­кінің таралуына тоқтау болмай отырғанын жеткізді.

– Өңірде интернет – алаяқ­тық де­ректері күн сайын тірке­леді деуге бо­лады. Келтірілген шығын 920 мил­лион теңгеге жет­се, оның 37 миллио­­ны өтел­ген. Тұр­ғындар өздерінің алаяқ­қа ал­данғанын бірден түсін­бей, кеш хабарлайтындықтан он­дай­­­лар­ды ұстау қиын. Десе де біз алдын алу шара­ларын жүр­гізіп ке­леміз. Соның арқа­сын­да был­тыр 825 адам алаяқ­тың айтқа­нын орын­дау­дан бас тартып, полицияға ха­бар­лаған, – деді департамент басшысы.

Жолдағы қауіпсіздік те – жұрт­­шы­лықты алаңдатып отыр­ған жайт­тар­дың бірі. Былтыр жол­­да болған 432 апаттан 45 адам қай­тыс болып, 602-сі әр­түрлі дә­ре­жеде дене жарақа­тын ал­ған. Жол апатының 93 пайы­зы жүр­гі­зушілердің кінәсінен бола­ды екен. Департамент басшысы апат­тың жиілеуіне облыстағы ав­то­парктің өсуі мен ауа райы­ның бұзылуы себеп екенін жеткізді.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp