«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қамқорлық аясында

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық перинаталдық ор­талықтың жанынан “Samruк-Kazyna Trust” қо­ры­ның қаржыландыруымен ба­лаларға арналған оңалту орталығы ашылды. Он­да жыл сайын 3 жасқа дейінгі 600 ерекше қажеттілігі бар бала ем алады.

– Біз 2020 жылдан бері ерек­ше балаларды оңалтуға арналған орталықтарға қаржы­лай қолдау көрсетіп келеміз. Үш жылдың ішінде Қазақстан­да инклюзивті қоғамды дамы­туға бағытталған 15 оңалту, 16 ерте араласу және аутизмі бар балаларға арналған 5 орталық құрылды. Оларда 40 мыңға жуық бала ем-дом қабылдады, – дейді “Sam­ruk-Kazyna Trust” қоры бас директорының орын­басары Досбол Көшербаев.

Денсаулық сақтау басқар­ма­сы­ның мәліметі бойынша өңірде ерекше қажеттілігі бар 18 жасқа дейінгі 2300-ден ас­там бала есепке алынып, 3 ста­ционар мен 2 амбулатория қыз­мет көрсетеді.

“Самұрық-Қазына” және “Қа­зақстан халқына” қорлары­ның ынтымақтастығы аясында ашылған жаңа орталықта ерекше балалармен невропа­то­логтар, оңалту дәрігерлері, жат­тығу терапиясының нұсқау­шылары, психологтар, лого­пед­тер және кәсіби терапевт­тер тобы жұмыс істейді. Нысан АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Ресей және Қазақстанның за­манауи медициналық, диаг­нос­тикалық қондырғылары­мен, мотометрлермен, верти­ка­лизаторлармен, “Rifton” тре­на­жер­лерімен, “Головас­тик”, “Кузнечик” төсемдерімен, “Атлант” костюмдерімен, иммер­сиялық ваннамен, сенсорлық, шунгитті және тұзды бөлме­лер­мен, аудиометриялық мо­дуль және ЭЭГ аппаратта­ры­мен жабдықталған.

“Samruk-Kazyna Trust” әлеу­меттік жобаларды дамыту қоры өңірде 521,7 млн. теңгеге 6 әлеуметтік жобаны іске асыр­ды. 2018-2023 жылдар ара­лы­ғында денсаулық сақтау сала­сында 171 млн. теңгеге 3, өңір­лерді дамыту бағытында 347,7 млн. теңгеге 2 және әлеуметтік кәсіпкерлікті демеуде 3 млн. теңгеге 1 жоба қолдау тапты.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp