«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ел чемпионы атанды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан ел біріншілі­гін­де екі бірдей солтүстікқазақстандық балуан топ жарды.

Ел біріншілігінде грек-рим кү­ресінен бақ сынаған жерлесі­міз Николай Хапко алтыннан алқа тағынды. Солтүстікқазақ­стан­­дық балуан 72 килограмм салмақ дәрежесінде сынға тү­сіп, жеңіске жетті.

Еркін күрестен өңір намы­сын қорғаған Нұрқожа Қайпа­нов та жеңіс тұғырына көтеріл­ді. Ба­луанға 74 килограмм салмақта тең келер ешкім болмады.

– Салмағымда осал балуан жоқ. Араларында әлем чемпио­натының жүлдегерлері мен Азия чемпиондары болды. Әр жекпе-жекті шабуылмен өткізуге ты­рыстым. Ендігі мақсатым – Олимпиадаға жол­да­ма­ны ұтып алу. Кейін көк туы­мызды желбіретіп, әнұранымызды шырқа­ту, – деді Нұрқожа Қайпа­нов.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp