«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РУХАНИ АЗЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шығармашыл адамдардың ын­тымақтастығы бір-бірі үшін және қоршаған ортаға өте пай­далы. Қызылжар ауда­нының Бес­көл ауылында орналасқан “Ме­рей” өнер мекте­бінің осы бағыт­та атқарып жатқан жұмыстары аз емес.

Мектебіміз 10 жылдан астам уақыттан бері Ақан сері атында­ғы облыстық филармониямен ынтымақтастықта жұмыс істеу­де. Жуырда филармонияда жоға­ры кәсіби деңгейде өткен клас­сикалық концертті тамашалап, рухани азық алып қайттық. Кон­цертке түрлі деңгейдегі байқау­лардың лауреаты, Жамбыл Жабаев атындағы Қазақ мемлекет­тік филармониясының жеке орындаушысы, виоленчелист Ер­мек Құрманаев арнайы шақырылыпты. Кон­цертмейстер біздің облысымыздың мақтанышы, халықаралық байқаулардың лауреаты Екате­рина Лапухинамен бірге сахнада өнер көрсетті.

Концерт атақты неміс компо­зиторы И.С.Бахтың “Ариозо” шы­ғармасымен басталып, А.Пьяц­цолланың “Libertango” туынды­сымен аяқталды. Сондай-ақ, француз композиторы Жуль Мас­сне, орыс композиторы С.Рахма­нинов, Р.Щедрин, қазақ компо­зиторы Ахмет Жұбановтың “Ария” және тағы да басқа шығармалары орындалды.

Алаш ардақтысы Мағжан Жұ­мабаевтың “Мен жастарға сене­мін!” деген қанатты сөзі қос өнер ұжымының ынтымақтастық жо­лындағы жұмысының ұранына айналғандай. Жас өнерпаздар концерттен ерекше әсер алып, өнерге деген ықыластарын арттырды.

Әлия СЕҢКІБАЕВА,

“Мерей” өнер мектебінің директоры.

Қызылжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp