«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Ақпан 7, 2024

ӨКПЕ ОБЫРЫ ТЕМЕКІ ТАРТАТЫНДАРҒА ҮЙІР

Онкологиялық ауру неғұр­лым ерте анықталса, соғұрлым ем нәтиже беріп, науқастың дерт­тен жазылу ықтималдығы артады. Бұл – өкпенің қатерлі ісігіне де қатысты. Өкпенің қатерлі ісігі – он­ко­логиялық аурулардың ішінде жиі кездесетін дерттердің бірі. Қазіргі уақытта өңірде 449 адам диспансерлік есепте тұр. Тек был­­тыр 200-ге жуық сырқатқа алғаш рет осы диагноз қойыл­ған. Обыр анықталған пациент­тердің шамамен төрттен …

ӨКПЕ ОБЫРЫ ТЕМЕКІ ТАРТАТЫНДАРҒА ҮЙІР Read More »

Инфляция көрсеткіштері

Стратегиялық жоспарлау жә­не реформалар агенттігінің Ұлт­тық статистика бюросы өңірдегі соңғы бір жылдағы инфляция деңгейіне қатысты көрсеткіш­тер­ді жариялады. Өткен жылғы қаңтар мен 2024 жылдың қаң­тары аралығында облыстағы инфляция 9,5 пайызды құрап отыр. Есепті 12 ай ішінде азық-түлік тауарларының құны – 8,8, азық-түлік емес тауарлардікі – 8, ақылы қызметтер 12,7 па­йызға өскен. Сонымен қатар Ұлттық ста­тис­тика бюросы …

Инфляция көрсеткіштері Read More »

“МЕН ӨЗІМДІ БАТЫРМЫН ДЕП ЕСЕПТЕМЕЙМІН”

Ербол Отарбаевтың 2010 жылы Ақтаудағы түзеу мекемесіндегі қарулы қақтығыс кезінде көрсеткен жанқиярлық ерлігі көпке мәлім. Содан бері он төрт жылдай уақыт өтті. Батырлық пен жанқиярлықтың үлгісі бола білген сол кездегі жас сарбаз қазір – офицер. Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясында магистратурада білім алып жатқан Ербол Отарбаевпен әңгімелесудің сәті түсті. – Ербол Есілбайұлы, Отан алдындағы әскери борышы­ңыз­ды …

“МЕН ӨЗІМДІ БАТЫРМЫН ДЕП ЕСЕПТЕМЕЙМІН” Read More »

ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТАЛАПКЕР

Қазақтың кез келген ауылын тұнып тұрған шежіре, тарих дерсің. Талапкер елді мекенінің өткен өмір өткелдерін зерделей келіп, осындай ойға келдім. Егемендіктің елең-алаң шағында сол кездегі облыстық “Ленин туы” (қазіргі “Soltustik Qazaqstan”) газетінің танымал журналисі Дүйсенбі Әуелбековтің бірнеше бөлімнен тұратын “Шежіре мен аңыздар” циклді мақаласында жазылғаны болмаса, Қошқарбай мен Елшібайдан тараған ұрпақтар, одан қалды көзі тірісінде …

ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТАЛАПКЕР Read More »

Еңбек тәртібі қатаң сақталуы шарт

Мемлекеттік қызметшілер “Қа­зақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” За­ңына (9-бап 4-тармақша) сәй­кес, құқықтар мен бостандық­тарды пайдалануға, еңбегінің қор­ғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайларына, өзінің лауазым­дық өкілеттіктері шегінде мәсе­лелерді қарауға және олар бо­йынша шешімдер қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды адамдардың олар­ды орындалуын талап етуге құқылы. Оларға лауазымды өкілеттіктерін атқа­ру үшін …

Еңбек тәртібі қатаң сақталуы шарт Read More »

ЖАҢА ҮКІМЕТКЕ ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТТЕР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға Премьер-Министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебаев, Үкімет мүшелері, Ұлттық банк төрағасы, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, сондай-ақ облыстардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың жетекшілері қатысты. Мемлекет басшысы жиында былтыр атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы ке­зеңнің басты міндеттері айқын­далатынын атап өтті. – Жалпы өткен …

ЖАҢА ҮКІМЕТКЕ ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТТЕР Read More »

“Қарызсыз қоғам” жалғасады

Елімізде былтыр басталған “Қарызсыз қоғам” жобасы биыл да жалғасын таппақ. Бұл жолы жобаға Петропавлдың және үш ауданның тұрғындарын қатыстыру көзделуде. “Amanat” партиясы об­лыс­тық филиалы баспасөз қыз­метінің мәліметінше, жоба бо­рышкерлердің санын азайтып, халықтың қарыз жүктемесін тө­мендетуге бағытталған. Қар­жыны дұрыс жаратуды білме­гендіктен, бейберекет несие ала бергендіктен, тұрғындар­дың арасында қиын жағдайға тап болғандар аз емес. Жоба­ның мақсаты – …

“Қарызсыз қоғам” жалғасады Read More »

РУХАНИ АЗЫҚ

Шығармашыл адамдардың ын­тымақтастығы бір-бірі үшін және қоршаған ортаға өте пай­далы. Қызылжар ауда­нының Бес­көл ауылында орналасқан “Ме­рей” өнер мекте­бінің осы бағыт­та атқарып жатқан жұмыстары аз емес. Мектебіміз 10 жылдан астам уақыттан бері Ақан сері атында­ғы облыстық филармониямен ынтымақтастықта жұмыс істеу­де. Жуырда филармонияда жоға­ры кәсіби деңгейде өткен клас­сикалық концертті тамашалап, рухани азық алып қайттық. Кон­цертке түрлі деңгейдегі …

РУХАНИ АЗЫҚ Read More »

Жазушылар одағының жаңа мүшелері

Өңір руханиятының дамуы үшін аянбай қызмет етіп жүрген жерлестеріміз М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жоғары мектебі ұлт­тық ғылым академиясының академигі Зарқын Сыздықұлы Тайшыбай мен жазушы Сағындық Сәбитұлы Рахымжан Қазақстан Жазушылар одағына мүшелікке өтті. Зарқын Тайшыбай 2001 жылы жергілікті университетте “Журналистика” кафедрасын ашып, болашақ тілшілерге дәріс беріп келеді. Абылай хан, …

Жазушылар одағының жаңа мүшелері Read More »

Қаруды сақтау ережесін бұзған

Облыс полицейлері екі апта бойы “Қару иесі” акциясы аясында жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде тәртіп сақ­шылары 4275 адамды (облыстағы барлық азаматтық қару иелерін) тексерді. Аудандардағы шалғай елді мекен­дер де тәртіп сақшыларының назарынан тыс қалмады. Облыстың 29 тұрғыны қару­ды сақтау ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. 21 адам қаруларын белгіленген мерзім­де қайта тіркемеген. Сондай-ақ, тегіс ұңғылы аңшылық …

Қаруды сақтау ережесін бұзған Read More »

Бір айда – 20 көлік апаты

Елімізде “Қауіпсіз жол” же­дел алдын алу іс-шарасы өткізі­луде. Биылғы қаңтар айының қо­рытындысы бойынша облыс ау­мағында 20 жол-көлік оқиғасы тіркелген, онда 2 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды. Жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша жыл басынан бері 5048 құқық бұзушылық анықтал­ған. Белгілен­ген жылдамдықты арттырудың 548 фактісі, 521 – жаяу жүргінші­лердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, сондай-ақ жүргізушілер …

Бір айда – 20 көлік апаты Read More »

Ел ішінде елік жүр…

Шал ақын ауданының Ба­луан ауылына бір топ қабан кір­ді. Тұрғындар жабайы жануар­ларды бейнежазбаға түсіріп ал­ған. Бұған дейін еліктердің елді мекендер көшелерінде емін-еркін жүргендігі туралы бірнеше рет айтылған еді. “Еліктердің елді мекендерге кіруі біздің өңір үшін айтарлық­тай ерекше жайт емес. Мұның бір себебін қолайсыз ауа райы­мен байланыстыруға болады. Елі­міздің солтүстік өңірлерінде қар жамылғысы қалыңдасымен-ақ тұяқты жануарларға …

Ел ішінде елік жүр… Read More »