«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Қарызсыз қоғам” жалғасады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде былтыр басталған “Қарызсыз қоғам” жобасы биыл да жалғасын таппақ. Бұл жолы жобаға Петропавлдың және үш ауданның тұрғындарын қатыстыру көзделуде.

“Amanat” партиясы об­лыс­тық филиалы баспасөз қыз­метінің мәліметінше, жоба бо­рышкерлердің санын азайтып, халықтың қарыз жүктемесін тө­мендетуге бағытталған. Қар­жыны дұрыс жаратуды білме­гендіктен, бейберекет несие ала бергендіктен, тұрғындар­дың арасында қиын жағдайға тап болғандар аз емес. Жоба­ның мақсаты – осындай жан­дарды анықтап, оларға көмек беру.

“Халықтың басым көпшілігі аса қажеті жоқ тауарлар мен қыз­меттерді несиеге рәсім­дей­ді екен. Мәселен, былтыр бағдарлама басталған кезде біз өз несиелері туралы айтқы­сы келмейтін жандармен кез­де­су өткіздік. 18 несиесі бар, қа­рызға белшеден батқан аза­мат­қа көмектестік. Кредитін 18-ден 2-ге дейін оңтайлан­дыр­дық. Бір сөзбен айтқанда, жоба өз нәтижесін беруде”, – дейді қаржылық сауаттылық жөніндегі сарапшы, тренер Дмитрий Шледевиц.

Бұл жолы Петропавл қала­сында, Айыртау, Есіл және Мам­лют аудандарында тұрып жатқан 4,5 мың адам курстан өтеді.

Өткен жылы оқу курсы ая­сында несие бойынша бере­ше­гі бар 30-дан астам азамат заң­дық тұрғыдан көмек алды. Қазіргі уақытта жұмыспен қам­ту орталығында әлеуметтік қыз­меткерлер білімдерін жетілді­ріп жатыр. Халықпен тікелей жұмыс істейтін мамандар курс барысында қаржылық сауат­тылықтарын арттырып қана қой­май, алаяқтардың арба­уына түспеудің жолдарын да үйренеді.

“Қарызсыз қоғам” жобасы желтоқсан айына дейін жал­ғасады. Былтыр 4 мыңнан ас­там солтүстікқазақстандық оқу курсынан өтті.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp