«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Батыл бастамалар алаңы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Білім беру қызметкерлерінің әлеуметтік-эко­­номикалық құқықтарын, еңбек және кәсіптік мүдделерін қорғау, еңбек заңнамасының сақталуы­на қоғамдық бақылау орнату, еңбек дауларының ал­дын алу, заңнамалық түсініктемелер беру, мате­риалдық көмек көрсету, сол сияқты бос уақытты тиімді өткізу, денсаулықты сауықтыру сияқты профилактикалық қызметттерді ұйымдастыру кәсіподақтың басты міндеті болып табылады. Осыған орай кәсіподақ қозғалысының негізгі прин­циптерін басшылыққа ала отырып, ортақ күш-жі­герімізді кешенді іс-шараларды жүзеге асыруға ба­ғыттау, еңбек адамына жан-жақты жағдай жасау жолында әркез бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қолдауына сүйенеміз.

Өйткені бұл төменгі буын­ның қызмет аясы кең, пәрменді қимылы ширақ. Ең бастысы, күн­делікті жұмыс барысында ұс­таз­дар қауымымен қоян-қолтық араласатындықтан, жергілікті жерлердегі шешімін табуы тиіс мәселелер жақсы таныс. Олар­ды батыл бастамалардың ала­ңы, серпінді істердің орталығы, жақсы дәстүрлердің әлеуметтік серіктестігі десе де болады. Мәселен, №1 Саумалкөл орта мектебінде қалыптасқан іс-тәжірибелер өзгелерге үлгі-өнеге ретінде таратылды. 2369 адам­ды бі­ріктіретін 53 бастауыш кә­сіп­одақ бірлестігінде Софья Юрьев­­на секілді өз жұмысын тың­­ғылықты атқарып жүрген бел­сенділеріміз көп. Кәсіподақ­тар жұмыс берушіден тәуелсіз болғандықтан, өз мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономика­лық құқықтары мен мүдделерін қорғаудың тәсілдерін барынша пайдаланады. “Педагог мәрте­бе­сі туралы” Заңның әзірленуі­не байланысты айтылған ұсы­ныс-пікірлеріміздің бірқатары ескерілді. Мұғалімдер ерекше мәртебеге ие бол­ды. Кәсіби міндеттерді тиімді орын­дауға, педагогикалық ең­бек­тің әлеу­меттік маңызды­лы­ғын артты­ру­ға қосымша әлеу­мет­тік кепілдік­тер берілді. Ұжым­дық шарттар жасасу жиындары өткізіліп, қар­жылан­дыру, еңбекақы төлеу, ең­бекті қорғау, денсаулық сақтау мә­се­лелері талқыланды. Бар­лық бі­лім беру мекемелері 5 күн­дік жұмыс аптасына көшті. Ау­дан­дық және облыстық кәсіп­одақ комитеттерінің қаража­ты­на “көпбалалы отбасы” мәрте­бе­сі бар мұғалімдер үшін 5 ком­пью­тер сатып алынды. Респуб­ли­ка­лық салалық кәсіптік білім беру қызметкерлері федера­ция­­сы­нан 1 ноутбук Кириллов­ка ор­та мек­тебі мұғалімінің көп­ба­­ла­лы от­басына сыйға тар­тылды.

Еңбек адамдары мен арда­гер­лерге жасалатын жан-жақты қамқорлық сан-салалы, үлкен-кішісі болмайды. Ұжым­дық шарттарда оқу жүктемесін бөлу тетіктерінен бөлек, жұмыс уақыты, демалыс режімі, зей­неткерлік жасқа толу негізінде екі­жақты келісімді тоқтату, өтем­­ақы төлеу кестесіне дейін жа­зылған. Былтыр алғаш рет пе­да­гог қызметкер­лер комму­нал­дық қызметтерге ақы төлеу­ге 2 АЕК (6900 теңге) мөлше­рін­де өтемақы алды. Қазір төлемді кө­бейту бойынша жұмыс жүргі­зі­лу­де. Кәсіподақ мүшелеріне ең­­бек, әлеуметтік-экономика­лық, зейнетақы, тұр­ғын үй құ­қықтары түсіндіріліп, 200-ден ас­там ке­ңес берілді, 50 өтініш қа­ралды. Ауылдық жер­лерде жұ­мыс істе­гені ескеріле отырып, жер­гілікті өкілетті ор­гандарға бі­лім беру са­ласының тәрбие­ші­лер, бух­гал­терлер және эко­но­мистер көмекші­лері­нің жала­қы­сын ке­мінде 25 па­йызға арт­ты­ру ұсы­нылды. 2023 жылы бұл мә­­селе бухгалтерлер мен эко­но­мистер үшін оң ше­шілген болатын.

Еңбекті қорғау үнемі қоғам­дық назарда болуы тиіс көкей­кесті мәселе болғандықтан, бұл жөніндегі талаптардың қатаң сақ­талуын бақылауды кәсіп­одақ ұйымының төрағасы, тех­ника­лық инспектор еңбек қауіп­сіздігі және еңбекті қорғау жө­нін­дегі өн­дірістік кеңестің мү­шелері тіке­лей қадағалайды. Қар­жылан­ды­ру белгіленген тәр­тіппен қам­та­масыз етіліп, еңбек жағдайла­рын жақсартуға ба­ғыт­талып оты­рады. Осыған орай “дөңгелек үстелдер”, ак­ция­лар, конкурс­тар, көрмелер, “Қауіпсіз еңбек жы­лы” аясында басқа да іс-шаралар ұйым­дас­тырылды. Білім беру мекеме­ле­рінің барлық нысандары тексе­рі­ліп, арнайы нұсқамалар тара­тылды.

Кәсіподақ мүшелеріне жүйе­лі түрде материалдық көмек көр­сету дәстүрі орныққан. Өрттен зардап шеккен, кеселге шал­дық­қан, ауыр жағдайға душар бол­ған 49 адамға ақшалай қол­дау көрсетілді, емделуге сана­торий-курорттарға жолдама бе­рілді. Бірде-бір өтініш қанағат­тандырусыз қалған жоқ. Жанар Әлібекова, Әдемі Сақаева, Анар Қасенова, Ольга Погреб­ной, Ерден Қыдырбеков жарна төлемдері есебінен қымбат дәрі-дәрмекпен, баспаналары жа­нып кеткен Төлеген Шоки­мов, Ләззат Колесник, Ольга Афа­насьева ақшалай қаражат­пен қамтамасыз етілді.

Кәсіподақ мүшелері әлеу­мет­тік әріптестікті дамыту, өз­де­рінің мүдделерін қорғайтын ұжымдық шарттардың рөлі мен беделін арттыру мақсатымен өткізілетін іс-шараларға белсе­не қатысады. “Үздік қызметкер” сайысына кітапханашылар, ас­паздар,электриктер, үй таза­лау­шылар да тартылады. Был­тыр бі­рінші орынға зертханашы Еле­на Ярцева көтерілді. “Үздік бас­тауыш кәсіподақ ұйымы” об­лыс­тық бәсекесінде Гуса­ковка мек­тебі сертификатпен мара­пат­тал­ды. “Кәсіподақ – Тәуел­сіз­дік­тің құрдасы” эссе байқа­уында өмірлік қиын жағдайға тап бол­ған балаларды қолдау орталы­ғы директорының тәр­бие ісі жө­ніндегі орынбасары Ва­лентина Наймантаева облыс­тық кезең­нен жеңімпаз болып оралды.

Әлеуметтік серіктестік­тер­мен, педагогикалық ұжымдар­мен, еңбек ардагерлерімен ты­ғыз қарым-қатынастамыз. 143 мұғалім шипажайларда сауық­тырудан өтті, сегіз қарияға тегін жолдама табысталды. “Қосым­ша білім берудің үздік педагогы – 2023” байқауының жеңімпазы Фанил Шаймарданов “Сосно­вый бор” шипажайында тегін демалып қайтты. Бір топ ұстаз “Айыртау ау­данының құрметті білім қыз­меткері” төсбелгісін, екі ардаге­ріміз “Еңбек ардагері” медалін кеудеге жарқырата тақ­ты. Олар­дың қатарында Гүлна­ра Рыспаева, Бауыржан Таққу­жин, Лариса Куценко, тағы бас­қа­ла­ры бар. Дәуқара мекте­бін­де ұзақ жыл ұстаздық қызмет ат­қарған Қасым Нұрғалиев “Айыр­­тау ауданының құрметті азаматы” атанды.

Сайлау қорытындылары бо­йынша бастауыш кәсіподақ ұйы­мы төрағаларының 28 пайызы жаңартылды. Өздерінің бағдар­ламаларында еңбек құқықта­рын қорғау, әлеуметтік әріптес­тік қағидаттарын жүзеге асыру, кәсіподақ мүшелерін ынталан­дыру, мәдени-бұқаралық, спорт­тық-сауықтыру шарала­рын жандандыру мәселелеріне басымдық берген азаматтарға үлкен сенім көрсетілді.

Сәуле ТҰРАЛИНОВА,

білім беру қызметкерлері кәсіподағы бірлестігі аудандық филиалының төрайымы.

Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp