«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Ақпан 9, 2024

ШЕТ ЖЕРДЕ ОТ КЕШКЕНДЕР

Биыл Ауған соғысының аяқталғанына – 35 жыл. Осы ретте өңірімізде Ауған соғысының ардагерлерімен кездесулер өткізіліп, жастар арасында түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Өткенге көз салар болсақ, 1978 жылы сәуірде Ауғанстанда Халықтық демократиялық партияның жетекшілігімен төңкеріс жасалды. КСРО АХДР-ны бірінші болып мойындады. 1979 жылы наурызда Ауғанстан басшылығы Гераттағы көтеріліске байланысты КСРО-ға тікелей әскермен араласу туралы өтініш жасағанмен, ұсыныс …

ШЕТ ЖЕРДЕ ОТ КЕШКЕНДЕР Read More »

ҚАЛАМГЕРДІҢ МАШИНКАСЫ

Жамбыл ауданына қарасты Сәбит ауылында орналасқан С.Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық үй-мұражайындағы бағалы жәдігерлердің бірі – “Москва” жазу машинкасы. Қаламгер бұл машинкамен көптеген шығармаларын, сүйекті туындысының бірі – “Аққан жұлдыз” романын жазған. Кейін оны жазушының ұлы Марат Сәбитұлы пайдаланыпты. – Бұл жәдігерді бізге қаламгердің Алматы қаласында тұрып жатқан туыстары 1990 жылы тапсырды. Қазіргі таңда музей қорында 700-ден астам …

ҚАЛАМГЕРДІҢ МАШИНКАСЫ Read More »

ЖОЛДА — ЖАҢА АВТОБУСТАР

Петропавлдың автобус паркі су жаңа көліктермен толықты. “Dongfeng” маркілі техника №31 бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдайды. Қалалық әкімдік мамандарының хабарлауынша, 2021 жылдан бері Петропавлда жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорындар 100 жаңа автобус сатып алып, автопарк 51 пайызға жаңартылған. Өткен жылы “Kyzylzhar Buses” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10 көлікті жолға шығарып, тұрғындарға сапалы қызмет көрсете бастады. – Биыл біз …

ЖОЛДА — ЖАҢА АВТОБУСТАР Read More »

Таптырмас мүмкіндік

“Аңсаған сәби” бағдарламасы аясында өңірімізге 2024 жылы 189 квота бөлінген. Былтыр бөлінген квота саны – 190. “Аңсаған сәби” бағдарламасы – балалы болуды армандап жүрген жұптар үшін таптырмас мүмкіндік. Мемлекет тарапынан соңғы үш жыл ішінде өңір тұрғындарына 608 квота берілген екен. Нәтижесінде, экстракорпоральды ұрықтандыру арқылы 174 солтүстікқазақстандық келіншек жүкті болды. Оның 114-і сәбилерін бауырларына басып үлгерген. …

Таптырмас мүмкіндік Read More »

Бөтеннің көлігін айдап кеткен

Петропавл полицейлеріне көлікті мас күйде айдап әкеткен адамды тоқтату үшін “Ұстау” жоспарын құруға тура келді. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 ақпан күні сағат 09:30 шамасында облыс орталығының тұрғыны полицияға хабарласып, белгісіз адамның оның “Volkswagen Amarok 2h” автокөлігін айдап кеткендігін айтқан. Ер адам бір сағат бұрын көлік жуу кешеніне барып, құны 12 млн. теңге …

Бөтеннің көлігін айдап кеткен Read More »

Бата мен тілекті шатастырмайық

Бірде белгілі азаматтың жыл­дық дұғасына бардым. Өзім қа­тарлылар бір дастарқан басына жайғасып, марқұмның аруағы­на дұға бағышталып, кейін ке­зек үлкеннен бата сұрау үрдісі­не келгенде көңілім қоңылтақ­сып қалды. Микрофон төрде жай­ғас­қан қарияға ұсынылды. Мана­дан бері сөзге қонақ бер­мей отыр­ған ол “әшейінде ауыз жап­пас, той дегенде өлең тап­пас­тың” керін келтірді. Ұзақ-со­нар сылдыр сөзі әбден мезі ет­ті. Жиналған­дардың алды …

Бата мен тілекті шатастырмайық Read More »

ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ

Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж тарихына көз жүгіртсек, адал еңбегімен қалтқысыз қызмет етіп, лайықты құрметке бөленген басшылар аз емес. Солардың бірі – халық ағарту ісінің үздігі, ардагер ұстаз Шәміл Тайбекұлы Әбілғазиев. Шәміл Тайбекұлы еліміз еге­мендік алған кезеңнен бастап, яғни, 1992 жылдан бұрынғы Ең­бек Қызыл Ту орденін иеленген Петропавл педагогикалық учи­ли­щесіне жетекшілік етіп, сана­лы ғұмырын жас …

ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ Read More »

Батыл бастамалар алаңы

Білім беру қызметкерлерінің әлеуметтік-эко­­номикалық құқықтарын, еңбек және кәсіптік мүдделерін қорғау, еңбек заңнамасының сақталуы­на қоғамдық бақылау орнату, еңбек дауларының ал­дын алу, заңнамалық түсініктемелер беру, мате­риалдық көмек көрсету, сол сияқты бос уақытты тиімді өткізу, денсаулықты сауықтыру сияқты профилактикалық қызметттерді ұйымдастыру кәсіподақтың басты міндеті болып табылады. Осыған орай кәсіподақ қозғалысының негізгі прин­циптерін басшылыққа ала отырып, ортақ күш-жі­герімізді кешенді …

Батыл бастамалар алаңы Read More »

МАЛШЫЛАР МЕКТЕБІ

Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институ­тында фермерлердің білімін арттыруға арналған малшылар мектебі ашылды. Тыңдаушылардың алғашқы легі үш күн бойы ғылыми-практикалық семинарға қатысып, сертификат алды. Өңірде мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Мәсе­лен, елімізде өндірілетін бар­лық сүттің 10 пайызы – біздің өңірге тиесілі. Облыстық ауыл шаруашы­лығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта облыста 106 сүт фермасы …

МАЛШЫЛАР МЕКТЕБІ Read More »

ЗАҢДЫЛЫҚТЫ САҚТАУ – БАСТЫ ТАЛАП

Облыстық полиция департаментінің бастығы, по­лиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов өңірлік по­лиция ведомствосы аппаратының басшылығымен жә­не жеке құрамымен кеңес өткізді. Күн тәртібінде сыбай­лас жемқорлық жөніндегі құқық бұзушы­лықтарға мүл­дем төзбеушілік, заңдылықты сақтау және тәртіпті нығайту мәселелері әңгіме өзегіне айналды. Облыстық полиция аппара­тында өңірдегі ең тәжірибелі по­лицейлер – жедел уәкілдер, тер­геушілер, анықтаушылар, крими­налистер жұмыс істейді. Олар­дың тәжірибесі мен білімі …

ЗАҢДЫЛЫҚТЫ САҚТАУ – БАСТЫ ТАЛАП Read More »

Түз тағылары қолдан қоректендірілуде

Өңірде жабайы жануарлар­ды аштықтан аман алып қалу үшін қорықшылар оларды қол­дан азықтандырып жатыр. Бұл жұмыс күн жылынып, жер аяғы кеңігенге дейін жүргізілмек. Қызылжар өңірі алты айға со­зылатын ұзақ, әрі аязды қы­сымен ерекшеленеді. Мұн­дай­да жабайы жануарларға қорек табу қиын. Көк­темге аман-есен же­туі үшін олар­ға көмекке қо­рық­шы­лар келеді. Түз тағы­ла­ры жүретін жерлерге оттықтар қойылып, жаз бойы әзір­ленген …

Түз тағылары қолдан қоректендірілуде Read More »

Егіс алқабы ұлғаяды

Қызылжар өңірінде көктем­гі дала жұмыстарының ауылы алыс емес. Маңызды кезеңге диқандар да, бейінді басқарма да дайындалып жатыр. Биыл об­лыста өнімді екі есеге ұл­ғай­ту мақсатында егістік жер­дің көлемін кеңейту көзделіп отыр. Әсіресе азықтық дақыл­дарға басымдық берілмек. Облыс­тық ауыл шаруашы­лығы және жер қатынастары бас­қар­масы­ның басшысы Мей­рам Меңді­баевтың айтуынша, биыл қа­ра­құ­мық алқабы 26 мың гектар болады. Картопқа тиесілі …

Егіс алқабы ұлғаяды Read More »

ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұ­хам­бетов “Көктем-2024” коман­далық-штабтық оқу-жаттығу жиы­нына қатысып, су тасқыны кезеңіне дайындықты тексерді. Бүгінде бұл мәселе ерекше ба­қылауға алынған. Себебі си­ноп­тиктер келесі айдың соңында қар белсенді ери бастайтынын болжап отыр. Бұл кезеңде тұр­ғындар мен олардың мүлкін қор­ғау басым бағыттардың біріне айналмақ. Жауапты ведомстволар мен қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды сауатты құру аса ма­ңыз­­ды. Жылдам және …

ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ Read More »

“БАЛУАНДАРДЫҢ БОЛАШАҒЫНАН ҮМІТ КӨП”

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтті. Грек-рим стилінде 10 салмақ дәрежесі бойынша жерлестеріміз де сынға түсті. Өкініштісі белдесудің бұл түрінде өңір командасына тек бір алтын бұйырды. Үкілеген үміттеріміз Данияр Кәленов, Бауыржан Мусин, Азия чемпионы Ислам Евлоев пен әскерилер арасындағы өткен жылдың әлем чемпионы Аманғали Бекболатов жүлдесіз қалды. Грек-рим күресінен Қазақстан …

“БАЛУАНДАРДЫҢ БОЛАШАҒЫНАН ҮМІТ КӨП” Read More »

“КЕУДЕМНЕН ҚАНАТ ҚАҚҚАН ЖЫР-КЕПТЕРДІ…”

Сұлу сөздің хас шебері Жүсіпбек Аймауытұлы қазақ өлеңінің ұлы тұлғасы Мағжанның мөлдір поэзиясын талдағанда: “Ақынның ақындығын үстінен қарап топшыламай, ішіне кіріп зерттеу керек”, – депті. Алаш қаламгері көрсеткендей, біз осы мақаламызда қалың Қазақ еліне айтыскер болып танылған өнерпаз, ақын Ерік Асқаровтың лирикалық туындыларының ішіне кіріп, өлең өрісіндегі қолтаңбасын талдап, туындыларын тақырыптық-идеялық, көркемдік-эстетикалық табиғатына қарай зерделеуді …

“КЕУДЕМНЕН ҚАНАТ ҚАҚҚАН ЖЫР-КЕПТЕРДІ…” Read More »