Петропавлдың автобус паркі су жаңа көліктермен толықты. “Dongfeng” маркілі техника №31 бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдайды.
Қалалық әкімдік мамандарының хабарлауынша, 2021 жылдан бері Петропавлда жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорындар 100 жаңа автобус сатып алып, автопарк 51 пайызға жаңартылған. Өткен жылы “Kyzylzhar Buses” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10 көлікті жолға шығарып, тұрғындарға сапалы қызмет көрсете бастады.
– Биыл біз “Dongfeng” маркілі 5 автобус сатып алдық. Қытайлық техника елімізде құрастырылған, – дейді “Kyzylzhar Buses” кәсіпорнының директоры Бауыржан Құсайынов.
“Qyzyljarnews.kz”.