«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАҢДЫЛЫҚТЫ САҚТАУ – БАСТЫ ТАЛАП

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департаментінің бастығы, по­лиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов өңірлік по­лиция ведомствосы аппаратының басшылығымен жә­не жеке құрамымен кеңес өткізді. Күн тәртібінде сыбай­лас жемқорлық жөніндегі құқық бұзушы­лықтарға мүл­дем төзбеушілік, заңдылықты сақтау және тәртіпті нығайту мәселелері әңгіме өзегіне айналды.

Облыстық полиция аппара­тында өңірдегі ең тәжірибелі по­лицейлер – жедел уәкілдер, тер­геушілер, анықтаушылар, крими­налистер жұмыс істейді. Олар­дың тәжірибесі мен білімі күн сайын құқықтық тәртіпті қорғау және жол қауіпсіздігін қамтама­сыз ету іс-шараларын ұйымдас­тыруда, қылмыстарды ашуда жә­не тергеуде кеңінен қолданы­луда.

Айдын Қабдұлдинов погон­дағы адамдардың басты міндеті – халық пен мемлекеттің игілігі үшін қызмет ету екендігін атап өтті. Қазіргі заманғы полицейлер барлық қажеттіліктермен қамта­масыз етілген, сондықтан оларға тек жұмыста ғана емес, сонымен қатар қызметте де, күнделікті өмірде де тәртіпті, әдепті қатаң сақтауға қатысты талаптар қойылады.

Облыстық ведомствоның тәр­бие және кадр жұмысы басқар­масының бастығы, полиция полковнигі Әбілғазы Ғабдуллин өңірдегі тәртіп пен заңдылықтың жай-күйіне шолу жасады. Кеңес барысында Айдын Қабдұлдинов басқарма және бөлім басшыла­рының назарын сеніп тапсырылған бөлімшелердің жеке құрамы үшін тікелей жауапты екендігіне аударды.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp