«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАЛШЫЛАР МЕКТЕБІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институ­тында фермерлердің білімін арттыруға арналған малшылар мектебі ашылды. Тыңдаушылардың алғашқы легі үш күн бойы ғылыми-практикалық семинарға қатысып, сертификат алды.

Өңірде мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Мәсе­лен, елімізде өндірілетін бар­лық сүттің 10 пайызы – біздің өңірге тиесілі.

Облыстық ауыл шаруашы­лығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта облыста 106 сүт фермасы жұмыс істеп тұр. Оның 38-і – заманауи. Осылай­ша сәтті жүзеге асқан қанатқақ­ты жоба еліміздің басқа облыс­тарында да қолға алынып жа­тыр. Былтыр респуб­ликалық бюджеттен заманауи ферма­лар құрылысына 100 млрд. тең­ге бөлінсе, оның 17 млрд. тең­гесі облысқа берілді. Қазіргі уа­қытта тағы да 18-ін салу мәсе­лесі шешілуде.

“2010 жылдан бастап об­лыс­қа шетелден көптеп мал әке­лініп жатыр. Олардың күтімі өз­ге­ше, жемшөбін дайындап бе­ру, құрамы қандай болуы тиіс – мұның бәрі тұтынып отырған ет-сүтімізге әсер етеді. Заман бір орында тұрмайды, бұл салада жаңашылдықтар аз емес. Мал­ды азықтандыруда, жемшөп да­йындауда, селекцияда, генети­када – жалпы күтіп-баптауда көп­­теген өзгеріс бар. Малшы­лар мек­тебінің мақсаты – мал өсіру­мен айналысатын шаруа­шы­лық­тардың өкілдерін жаңа тех­но­логиялармен таныстыру, осы саладағы жаңалықтармен бөлі­су, біліктіліктерін арттыру”, – дейді Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басқар­ма төраға­сы Алтынбек Абдул­лаев.

Семинарға әр ауданнан 2-3 маманнан қатысты. Сондай-ақ Ақмола мен Қостанай облыс­тарының өкілдері қатысуға тілек білдірген. Дәріс оқуға “Qa­zaqsut” ірі қара малдың сүт және аралас тұқымдарының республикалық палатасының өкілдері, С.Сейфуллин атын­дағы Қазақ агротехникалық уни­верситетінің ғалымы, Алматы қаласынан сарапшылар келді.

“Ғылыми институтымызда ауыл шаруашылығы ғылымда­ры­ның 8 кандидаты жұмыс іс­тейді. Бір ғылым докторымыз бар. Алдағы уақытта сабақтар­ды сол кісілердің ұйымдасты­руымен өткізетін боламыз. Сон­дай-ақ ауылдағы сүт ферма­сына бару көзде­лу­де”, – дейді Алтынбек Абдул­лаев.

Малшылар мектебі жыл соңына дейін жұмыс істемек.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp