Жамбыл ауданына қарасты Сәбит ауылында орналасқан С.Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық үй-мұражайындағы бағалы жәдігерлердің бірі – “Москва” жазу машинкасы.
Қаламгер бұл машинкамен көптеген шығармаларын, сүйекті туындысының бірі – “Аққан жұлдыз” романын жазған. Кейін оны жазушының ұлы Марат Сәбитұлы пайдаланыпты.
– Бұл жәдігерді бізге қаламгердің Алматы қаласында тұрып жатқан туыстары 1990 жылы тапсырды. Қазіргі таңда музей қорында 700-ден астам жәдігер сақтаулы. Мұражай 2017 жылы Қызылжар өңірінің киелі жерлері картасына енді. Музейге арнайы ат басын бұратын қонақтардың қатары жыл санап артып келеді, – дейді музей меңгерушісі Әлия Сәрсекова.
Самрат ҚҰСКЕНОВ,
“Soltüstık Qazaqstan”.