«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж тарихына көз жүгіртсек, адал еңбегімен қалтқысыз қызмет етіп, лайықты құрметке бөленген басшылар аз емес. Солардың бірі – халық ағарту ісінің үздігі, ардагер ұстаз Шәміл Тайбекұлы Әбілғазиев.

Шәміл Тайбекұлы еліміз еге­мендік алған кезеңнен бастап, яғни, 1992 жылдан бұрынғы Ең­бек Қызыл Ту орденін иеленген Петропавл педагогикалық учи­ли­щесіне жетекшілік етіп, сана­лы ғұмырын жас буын тәрбие­сіне арнады. Сабырлы да бай­салды мінезі, зор ұйымдасты­рушылық қарым-қабілеті өзге­лерге үлгі бола білді.

Осы бір ғажайып жанның бел­сене атсалысуымен еңселі білім ошағында ұшан-теңіз игі­лікті іс­тер атқарылғанына көп­те­ген жар­қын мысалдар кел­ті­руге бо­лады. Ол оқытушылар мен білім алушылардың жағ­дайын жақ­сар­туға жан-жақты қамқорлық жа­сауды, педагоги­калық құрам­ды сақтап қана қой­май кәсіби шеберлігін жетілді­руді нақты мақсат етті. Кез кел­ген жауапты іске бел шеше, бі­лек сыбана кі­рісіп, қиындықтар­да демеу, қол­дау көрсетті. Жо­ғыңды бардай, ба­рыңды таудай ететін білікті бас­шыға тән қа­сиеті ерекше тәнті ететін.

“Жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мек­тептің жүрегі”, – деп ағартушы ұс­таз Ыбырай Алтынсарин айт­қан­дай, жүрегі ізгілікке, жүзі мейі­рімге толы Шәміл Тайбек­ұлы үнемі ізденіс үстінде жүре­тін. Заман талабына сай өзіне жүктелген жауапкершілік жүгін абыроймен арқалай жүріп, із­денімпаздықты, жаңашылдық­ты, кәсіби жағынан үнемі жеті­лу­­ді басты ұстаным етті. Об­лыс­­тық, республикалық, халық­ара­лық жетістіктерге қол жеткі­зіп, өс­келең ұрпақ жанына жақ­сылық пен жылылық ұялатты, білім мен тәрбие дәнін септі. Жастар­дың да болашақ маман­дықта­рына деген қызығушы­лығы ар­тып, білімге ерекше ден қойды, қоғамдық жұмыстарға бел­сене араласты. Оқу орны­нан қанат­танып ұшқан түлектер үлкен сұранысқа ие болды.

Шәміл Тайбекұлы экспери­мент­алды бағдарламалар, жос­пар­лар құру бойынша оқу ор­нының жұмыстарына білгірлік­пен жетекшілік етіп, сұранысқа ие мамандықтар бойынша ком­мерциялық топтар ашты. Жа­бы­­лып қалған қазақ бөлімі қай­та­дан бой көтеріп, бірінші ке­зекте ауыл балалары қабыл­данды. Сөйтіп, олардың ана ті­лінде бі­лім алуына толық жағ­дай жа­сал­ды. Жоғары оқу орын­дары­мен де іскерлік бай­ланыс ор­натылып, өңірдегі уни­верситет кафедраларымен бір­лесе негіз­гі пәндер бағдарла­малары мен оқу жоспарлары енгізілді. Оқу-тәрбие үрдісіндегі орнықты тә­жі­рибелер өз жал­ғасын тап­ты.

1993 жылы Петропавл педа­гогикалық училищесі колледж мәртебесіне ие болып, түркі әле­мінің бойтұмарына айнал­ған, ал­­ты Алаштың ардақтысы Мағ­жан Жұ­мабаев есімінің бері­луіне бі­лікті басшы үлкен еңбек сіңірді.

Шәміл Тайбекұлының білім бе­ру саласына сіңірген зор ең­бе­гі ла­йықты бағаланып, “КСРО халық ағарту ісінің үздігі”, “Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі” төс бел­гіле­рі­мен, сол кездегі Білім ми­нистрлігінің Құр­мет грамотала­ры­мен, тағы бас­қа марапат­тар­мен атап өтілді.

Бүгінде 85 жасқа толып отыр­ған еңбек ардагерінің қа­жырлы еңбегі, басшылық қыз­ме­тіндегі іскерлігі, азаматтық ұс­танымы біздерге үлгі.

Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің педагогикалық ұжымы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp