Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов өңірлік полиция ведомствосы аппаратының басшылығымен және жеке құрамымен кеңес өткізді. Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлық жөніндегі құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік, заңдылықты сақтау және тәртіпті нығайту мәселелері әңгіме өзегіне айналды.
Облыстық полиция аппаратында өңірдегі ең тәжірибелі полицейлер – жедел уәкілдер, тергеушілер, анықтаушылар, криминалистер жұмыс істейді. Олардың тәжірибесі мен білімі күн сайын құқықтық тәртіпті қорғау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шараларын ұйымдастыруда, қылмыстарды ашуда және тергеуде кеңінен қолданылуда.
Айдын Қабдұлдинов погондағы адамдардың басты міндеті – халық пен мемлекеттің игілігі үшін қызмет ету екендігін атап өтті. Қазіргі заманғы полицейлер барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген, сондықтан оларға тек жұмыста ғана емес, сонымен қатар қызметте де, күнделікті өмірде де тәртіпті, әдепті қатаң сақтауға қатысты талаптар қойылады.
Облыстық ведомствоның тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Әбілғазы Ғабдуллин өңірдегі тәртіп пен заңдылықтың жай-күйіне шолу жасады. Кеңес барысында Айдын Қабдұлдинов басқарма және бөлім басшыларының назарын сеніп тапсырылған бөлімшелердің жеке құрамы үшін тікелей жауапты екендігіне аударды.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.