Петропавлдағы көпқабатты үйлердің бірінің шатырынан жасөспірім қыз құлап кетіп, аман қалды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, “102” жедел арнасына хабарлама түсісімен-ақ, полицейлер оқиға орнына жеткен. Жарақат алған қыз медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта бұл оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірімнің жағдайы ауыр, дәрігерлер баланы дәрі беру арқылы ұйықтатқан. Өкпесін жасанды желдету аппаратына қосыпты. Биіктен құлаған кезде баланың миына зақым келген, сондай-ақ травматикалық пневмоторакс алған.
Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.