«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Ақпан 12, 2024

ӨТІНІШ-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов өтініш-тілектерін айта келген бір топ азаматты қабылдады. Петропавл қаласының тұр­ғы­ны Орынбай Смағұлов облыс орталығында жол және құры­лыс инфрақұрылымын талапқа сай дамыту жайын көтерді. Оның ойынша, иесіз қалған бас­паналар, жол белгілері мен бағдаршамдар жедел реттеуді қажет етеді. Ғауез Торсанұлы қала әкімі мен тиісті құрылым басшылары­на өтініш иесінің ұсыныста­рын зерделеп, нақты шешім ұсынуды …

ӨТІНІШ-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ Read More »

АЙТЫСТЫҢ АҚТАҢГЕРІ ЕРІК АҚЫН

Драматург, дарынды ақын, жерлесіміз Ерік Асқаровтың туғанына 65 жыл толуына орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Аққан жұлдыздай Ерік ел есінде” атты әдеби-сазды кеш өтті. Жиналған қауым алдымен “Поэзияда өшпес із қалдырған” атты көрмені тамашалады. Іс-шараны жүргізген жазу­шы-журналист Жақсыбай Сам­рат ақынның жарқын бейнесін еске алып, тебірене сөз сөйледі. Қа­ламгердің туыстары Зейнол­ла Олжабайұлы, Мұрат Нұры­шев …

АЙТЫСТЫҢ АҚТАҢГЕРІ ЕРІК АҚЫН Read More »

“Алматыны” қапы қалдырды

Шайбалы хоккейден жоғары лига коман­да­лары арасындағы ел бі­ріншілігі жалғасуда. Ке­зекті ойынды жергілік­ті “Құлагер” өз мұз ай­дынында “Алматы” клу­бына қарсы өткізді. “Құлагер” мен “Алматы” ко­мандалары арасындағы ойын жерлестеріміздің пайдасына шешілді. Ойын басталысымен жергілікті хоккейшілер ша­буыл­да­рын қарсылас қақпасы­на жаудыртты. Көп ұзамай сол­түстікқазақстандықтар алма­ты­лықтар қақпасына алғашқы шайбаны салды. Кейін де құла­герліктер қарқындарынан тай­мады. Нә­ти­жесінде 5:0 есебі­мен жеңіс қызылжар­лықтарға …

“Алматыны” қапы қалдырды Read More »

Шатырдан құлап кеткен

Петропавлдағы көпқабатты үй­лердің бірінің шатырынан жасөс­пі­рім қыз құлап кетіп, аман қалды. Об­лыстық полиция департаменті бас­па­сөз қызметінің мәліметінше, “102” жедел арнасына хабарлама тү­сісімен-ақ, полицейлер оқиға ор­нына жеткен. Жарақат алған қыз ме­дициналық мекемеге жеткізілді. Қа­зіргі уақытта бұл оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалда­ры жүргізілуде. Облыстық денсаулық сақтау бас­қармасы баспасөз қызметінің мә­ліметінше, жасөспірімнің жағ­дайы ауыр, дәрігерлер баланы дә­рі беру …

Шатырдан құлап кеткен Read More »

Махаббат бәрін жеңеді

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында Түркия мемле­кеті­нің Ыстамбұл қаласынан кел­ген режиссер Құбылай Ерделі­караның “Сараң” комедиялық спектаклі сахналанды. Режис­сердің айтуынша, спектакль жұртшылыққа қызықты болуы үшін бір жарым сағаттық қойы­лымның 30 минуты биге ар­налған. Қолындағы байлығын қара басынан қызғанатын Гарпа­гон­ның Элиза есімді қызы, Клеант деген ұлы бар. Гарпа­гонның сарайына қызметке орналас­қан Валердің арманы – Элиза­ны …

Махаббат бәрін жеңеді Read More »