«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨТІНІШ-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов өтініш-тілектерін айта келген бір топ азаматты қабылдады.

Петропавл қаласының тұр­ғы­ны Орынбай Смағұлов облыс орталығында жол және құры­лыс инфрақұрылымын талапқа сай дамыту жайын көтерді. Оның ойынша, иесіз қалған бас­паналар, жол белгілері мен бағдаршамдар жедел реттеуді қажет етеді.

Ғауез Торсанұлы қала әкімі мен тиісті құрылым басшылары­на өтініш иесінің ұсыныста­рын зерделеп, нақты шешім ұсынуды тапсырды.

Облыс әкімінің қабыл­дауы­на жазылған Қажымұрат Әлжа­новтың Ауғанстанда интерна­ционалдық борышын өтеген жерлестеріміздің ерлік істерін насихаттау үшін мектептерде әскери-патриоттық орталықтар ашу жөніндегі ұсынысына мұн­дай бірлестіктер жұмыс істейді деген жауап берілді.

Асылбек Айкенов “Қызылжар” еркін экономикалық айма­ғы аумағында салынып жатқан протеин зауыты құрылысын қар­жыландырса деген ойын жет­кізді. Оған озық жобаларды қар­жыландыру, жеңілдікті несие беру механизмі түсіндірілді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp