«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ЕМХАНА БОЙ КӨТЕРМЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Бескөл ауылын­да болып, Қызылжар аудандық ауруханасының жұмысымен та­ныс­ты. Аурухана жанындағы емхана тәулігіне 200 адамды қа­былдауға қауқарлы болғаны­мен, тарлық етеді. Өйткені,  кент Петропавл қаласына ірге­лес орналасқандықтан, мұнда көшіп келушілердің саны жыл өткен сайын артып келеді.

“Қызылжар ауданында ха­лықтың тығыз шоғырлануы жаңа медициналық ғимарат тұр­ғызу қажеттігін тудырып отыр.  Ол үшін экономикалық есептер жасалып, оның негізінде емха­на салу туралы шешім қабыл­да­нады”, – деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

“Ауылдық денсаулық сақтау­ды жаңғырту” ұлттық жобасы аясында биыл өңірде 38 ме­ди­циналық нысан салынады. Оның сегізі Қызылжар ауданын­дағы Большая Малышка, Прес­новка, Асаново, Новокаменка, Пеньково, Белое, Налобино және Кондратовка елді мекендерінде бой көтереді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp